Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды

    Желтоқсанда не қымбаттады: Ет, бензин және Дубай демалысы шарықтады

    Қазақстанда желтоқсанда азық-түлік пен қызмет бағасы күрт өсті. Ең көп қымбаттаған — сиыр еті, алтын бұйымдар және Дубайға саяхат.

    Желтоқсанда не қымбаттады: Ет, бензин және Дубай демалысы шарықтады

    Фото: pexels.com

    Қазақстанда желтоқсан айында жылдық инфляция 12,3%-ға жетті. Бағаның айлық өсімі 0,9%-ды құрады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Қымбаттаған азық-түліктер

    Ең көп қымбаттаған өнім — сиыр еті. Оның бағасы былтырғымен салыстырғанда 32,1%-ға өскен. Одан кейін қой еті — 28,8%, шұжық — 19,3%, алма — 18,4%, күнбағыс майы — 17,5%-ға артқан.

    Киім-кешек пен қызмет көрсетудегі өсім

    Азық-түлікке қоса, тауарлар мен қызметтер де айтарлықтай қымбаттап жатыр. Мәселен, алтын, күміс бұйымдар 38,2%-ға, бензин — 15,7%-ға, киім — 10,5%-ға өскен. Пәтер жалдау ақысы 14,8%-ға артқан. Сұйытылған газ бағасы бірден 23,2%-ға көтерілген.

    Сондай-ақ, шетелге шыққысы келетіндер үшін Дубайда демалу құны 48%-ға көбейген.

    Баға өсімі аясында бірден-бір арзандаған қызмет — суық су. Оның бағасы жыл ішінде 7,1%-ға төмендеген.

    Сарапшылар табыс өсімі инфляция деңгейінен қалып келе жатқанын атап өтуде. Бұл жағдай халықтың нақты кірісін төмендетіп отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →