Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 8 қазан 2026 $ 450,8↓€ 506,2↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Тоқаев «Amanat» партиясынан шығатынын айтты

    Тоқаев бүгінгі жолдауында президент өкілеттілігі жүріп тұрған уақыт аралығында партия құрамында болмауы керектігін айтты.

    – Мен өзімнің президенттің өкілеттігім кезеңінде партияға мүшелікті тоқтату міндетін заңнамалық түрде рәсімдеуді ұсынамын. Бұл норма саяси бәсекелестікті арттырады, барлық партиялардың дамуы үшін тең жағдайды қамтамасыз етеді, – деді Тоқаев.

    Сонымен қатар, әкімдер мен олардың орынбасарлары да партия құрамында болмайды.

    – Әкімдер мен олардың орынбасарларына партия филиалдары басшылығында болуға заң жүзінде тыйым салу керек. Мұндай шешімдер көпжақты партиялық жүйені қалыптастыруға мүмкіндік береді, – деді президент.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →