Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды

    “Қайрат” әлемнің үздік клубы номинациясына ұсынылды

    “Қайрат” әлемнің үздік клубы номинациясына ұсынылды

    Фото: prosports.kz

    Алматылық «Қайрат» футзал клубы Futsal Planet Awards 2025 халықаралық сыйлығының «Әлемнің үздік клубы» аталымына үміткерлер қатарына енді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Бұл номинацияда «Қайратпен» бірге бірқатар танымал ұжымдар бақ сынайды.

    Атап айтқанда, Испаниядан «Картахена» мен «Пальма», Аргентинадан «Бока Хуниорс», Таиландтан «Хонген Тхакам», Бразилиядан «Жарагуа», Италиядан «Мета Катания» және Уругвайдың «Пеньяроль» клубтары да тізімге кірген.

    Futsal Planet Awards марапаты 2000 жылдан бері табысталып келеді. Қазақстанның футзал тарихында бұл сыйлықта ең көп көзге түскен ойыншы қақпашы Игита. Ол бұған дейін бес мәрте әлемнің үздік қақпашысы атанған.

    2024/25 жылғы маусымда «Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасында жоғары нәтиже көрсетіп, финалға дейін жетті. Ақтық сында алматылық команда испаниялық «Пальмаға» 4:9 есебімен жол берді. Ал жартылай финалда «Қайрат» тағы бір испан клубы – «Картахенаны» 3:2 есебімен ұтып, жанкүйерлерін қуантқан болатын.

    Аталған номинация бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер 7 қаңтар күні белгілі болады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →