Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 13 қараша 2026 $ 443,4↓€ 490,4↓₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ресейлік блогер Димашты Германиядағы концертінде орысша амандаспағаны үшін сынға алды • «Шешесін де осылай тас қылдым»: Нұртас Айдарбеков қызға қырындаған ұлымен мақтанды • Мөлдір Анарбаев терезеден шашылған долларға қатысты пікір білдірді • Жарақат алғандар бар: Ақтөбеде дәмхана жарылды • Елдос Колобок ұлы Әлемнің тұсауын Қайрат Нұртасқа кестірді • Шымкент тұрғыны автобуста мастурбация жасаған (ВИДЕО) • Ресейлік блогер Димашты Германиядағы концертінде орысша амандаспағаны үшін сынға алды • «Шешесін де осылай тас қылдым»: Нұртас Айдарбеков қызға қырындаған ұлымен мақтанды • Мөлдір Анарбаев терезеден шашылған долларға қатысты пікір білдірді • Жарақат алғандар бар: Ақтөбеде дәмхана жарылды • Елдос Колобок ұлы Әлемнің тұсауын Қайрат Нұртасқа кестірді • Шымкент тұрғыны автобуста мастурбация жасаған (ВИДЕО) •

    Бестеректегі балалар өлімі: Жүргізуші 50 млн төлеуге міндеттелді

    Бестеректегі балалар өлімі: Жүргізуші 50 млн төлеуге міндеттелді

    Фото: видеодан скрин

    Абай облысындағы Бестерек ауылында төрт баланың қаза табуына себеп болған жол-көлік оқиғасына қатысты сот шешімі шықты. Оқиғаға кінәлі деп танылған жүргізушіден марқұм балалардың ата-аналарына 50 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы өндірілмек, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Іс материалдарында көрсетілгендей, апат кезінде жүргізушіде эпилепсиялық ұстама болып, салдарынан көлікті басқару мүмкіндігінен айырылған. Жаза тағайындау барысында сот бірқатар жеңілдететін жағдайларды назарға алды. Атап айтқанда, айыпталушының өз кінәсін толық мойындауы және оның асырауында кәмелетке толмаған баланың болуы ескерілген.

    Сот отырысының нәтижесінде жәбірленуші тараптың азаматтық талабы қанағаттандырылып, жауапкерге 50 миллион теңге моральдық шығын өтеу міндеті жүктелді. Алайда бұл үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →