Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    «Қайраттың» жұлдызды қақпашысы жаңа клубтан шақырту алды

    «Қайраттың» жұлдызды қақпашысы жаңа клубтан шақырту алды

    Фото:”Қайрат” фк

    Алматылық «Қайрат» футбол клубының 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмырзаға «Тараз» клубы қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Бұл туралы клубтың жаңа директоры Дидар Сыдықбек мәлімдеді.

    Оның айтуынша, алдағы уақытта «Қайрат» клубына ресми ұсыныс жолданады.

    «Біз Шерхан Қалмырзаға қызығушылық танытып отырмыз. Ертең ұсыныс жасап, келіссөздерді бастаймыз. Ол – Жамбыл облысының тумасы», – деп жазды Дидар Сыдықбек өзінің Telegram-арнасында.

    Айта кетейік, Шерхан Қалмұрза Темірлан Анарбеков жарақат алған соң Чемпиондар лигасында  «Спортингке» қарсы ойында қақпаға тұрып, 11 метрлік айып соққыны сәтті қайтарды. Осылайша ол турнир тарихында он сегіз жасқа жетпей-ақ пенальти қайтарған ең жас голкипер ретінде Чемпиондар лигасының жылнамасына енді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →