Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 7 қыркүйек 2026 $ 455,7 529,4 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстандық мұғалімдерге кешкі сағат 18:00-ден кейін ата-аналардың хабарламаларына жауап бермеуге рұқсат етілуі мүмкін Тоқаев қазақстандық спортшыларды көшпенділер ойындарындағы жеңісімен құттықтады Қазақ блогері Дональд Трамптың ұлына шапан жауып, тымақ кигізді Қазақстанның барлық өңірінде 7 қыркүйекке дауылды ескерту жарияланды Қазақстан мен Қытай астық саудасына арналған бірлескен цифрлық платформа іске қосылды Марқакөлде табиғи өрт сөндірілуде Қазақстандық мұғалімдерге кешкі сағат 18:00-ден кейін ата-аналардың хабарламаларына жауап бермеуге рұқсат етілуі мүмкін Тоқаев қазақстандық спортшыларды көшпенділер ойындарындағы жеңісімен құттықтады Қазақ блогері Дональд Трамптың ұлына шапан жауып, тымақ кигізді Қазақстанның барлық өңірінде 7 қыркүйекке дауылды ескерту жарияланды Қазақстан мен Қытай астық саудасына арналған бірлескен цифрлық платформа іске қосылды Марқакөлде табиғи өрт сөндірілуде

    Өскеменде домофон есігін ұстаған жас жігіттің жүрегі тоқтап қалды

    Өскеменде домофон есігін ұстаған жас жігіттің жүрегі тоқтап қалды

    Фото: T.me/Jagdai

    Өскеменде көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісіндегі есіктен электр тогы өтіп, бір жас азамат ауыр жағдайда ауруханаға түсті. Бұл туралы Qazaq Today ақпарат порталы хабарлады.

    Әлеуметтік желіде тараған дерекке сәйкес, электр соққысы өте қатты болған. Зардап шеккен жігіт бірнеше метрге дейін ұшып кетіп, соққы салдарынан жүрек қызметі уақытша тоқтаған.

    Оқиға болған бойда азамат жедел түрде медициналық мекемеге жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақтандыру үшін шұғыл көмек көрсеткен.

    Үй тұрғындарының айтуынша, домофон орнатылған кіреберіс есік бір айға жуық уақыт бойы тоқ ұрып тұрған. Алайда бұл мәселе дер кезінде жойылмаған.

    Аталған жағдай жөнінде қала әкімдігіне хабар берілген. Тексеру барысында электр тогының шығуына есіктің үстіне орнатылған жарық прожекторы себеп болғаны анықталды. Қауіпті шам дереу ажыратылып, қауіпсіздік қамтамасыз етілді. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →