Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    «Эмоциямен айттым»: Gusto мейрамханасының әкімшісі халықтан кешірім сұрады (ВИДЕО)

    «Эмоциямен айттым»: Gusto мейрамханасының әкімшісі халықтан кешірім сұрады (ВИДЕО)

    Фото: Видеодан алынған кадр

    «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортындағы Gusto мейрамханасында қазақ тілінде қызмет көрсетуден бас тартқаны үшін сынға ұшыраған әкімші көпшілік алдында кешірім сұрады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Елена есімді әкімші заңгер Мейірман Шекеевпен кездесіп, оның Instagram парақшасы арқылы халықтан ресми түрде кешірімін жеткізді.

    «Өз сөздерім үшін отандастарымнан кешірім сұраймын. Мен де Қазақстан азаматы ретінде эмоцияға беріліп, “КСРО-да туғанмын” деп айтқаным үшін халқымнан кешірім өтінемін. Ешкімді ренжіткім келген жоқ. Сол себепті кешірімдеріңізді сұраймын», – деді ол видеода.

    Мейірман Шекеевтің айтуынша, тараптар кездесіп, мәселені өзара келісіммен реттеуге келіскен. Бұдан бөлек, заңгер Gusto мейрамханасына барып, әкімшілікпен сөйлесіп, мәзірдегі қателерді түзетуді сұраған. Мейрамхана басшылығы да жағдай үшін кешірім сұрап, кемшіліктерді жоюға уәде берген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →