Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 17 шілде 2026 $ 469,2 538,0 6,06
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тозақтағы тұрғындар: Көкшетауда тарақандар қаптады Қоқысқа батқан демалыс орны: Ақтөбе жағажайларындағы бейберекеттік пен әкімдіктің әрекетсіздігі Тоқаев Ұлытау облысының әкімін қызметінен босатты Air Astana Дубайға рейстерін қайтадан күзге дейін тоқтатты Карантин енгізілді: Қостанай облысында ірі қарадан тараған бруцеллез адамдараға да жұққан Кепілдіктен бас тарту: Неге мемлекет зейнетақы жинағын инфляциядан қорғауды тоқтатты және бұл миллиондаған қазақстандыққа не әкеледі? Тозақтағы тұрғындар: Көкшетауда тарақандар қаптады Қоқысқа батқан демалыс орны: Ақтөбе жағажайларындағы бейберекеттік пен әкімдіктің әрекетсіздігі Тоқаев Ұлытау облысының әкімін қызметінен босатты Air Astana Дубайға рейстерін қайтадан күзге дейін тоқтатты Карантин енгізілді: Қостанай облысында ірі қарадан тараған бруцеллез адамдараға да жұққан Кепілдіктен бас тарту: Неге мемлекет зейнетақы жинағын инфляциядан қорғауды тоқтатты және бұл миллиондаған қазақстандыққа не әкеледі?

    Яна Легкодимованы өлтіріп сотталғандар апелляциялық арыз берді

    Яна Легкодимованы өлтіріп сотталғандар апелляциялық арыз берді

    Фото: Sputnik

    Яна Легкодимованы аса қатыгездікпен өлтіру ісі бойынша сотталған екі адамның қорғаушылары апелляциялық шағым түсірді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Жәбірленуші тараптың өкілі Ажар Әбділдің айтуынша, үкім жарияланғаннан кейін 15 күн ішінде шағым түсіруге мүмкіндік бар, сондықтан әзірге алдын ала шағым ғана берілген.

    «Айыпталушылар мен олардың қорғаушылары үкім жарияланған уақыттан бастап заңда белгіленген мерзім ішінде алдын ала апелляциялық шағым түсірді. Үкімнің толық мәтінімен танысқан соң қорғау тарапына шағымды кеңейтіп, нақты уәждерін толық баяндауға мүмкіндік беріледі. Қазіргі уақытта тек алдын ала шағым ғана бар», – деді ол.

    Оның сөзінше, қорғау тарапының негізгі талабы – өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын жеңілдету.

    «Маған белгілі болғандай, апелляциялық шағымда өмірлік жаза белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айыру жазасымен алмастырылсын деген өтініш айтылған», – деді жәбірленуші тараптың өкілі.

    Еске сала кетейік, 17 қарашада Атырау соты 24 жастағы Ризуан Хайржанов пен 25 жастағы Алтынбек Қатимовты аса ауыр қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, әрқайсысына төтенше қауіпсіздік мекемесінде өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →