Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 3 қараша 2026 $ 453,8↑€ 507,5↓₽ 5,63↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақсудағы төрт үйдің тұрғындары 4 жылдан бері кәріз иісіне тұншығып отыр • Ретриттер әлемі: үнсіздік, қараңғылық және жабайы табиғат сынағы • Қаржы нарығын реттеу агенттігі 11 банкте қарыз жүктемесін тексеруді бастады • 3 қарашада бірнеше облыста тұман, көктайғақ және өрт қаупі сақталады • Алексей Чуркин Нинбодағы әлем чемпионатында төртінші орын алды • 9-11 сынып оқушылары арасында қаржылық сауаттылық олимпиадасы басталды • Ақсудағы төрт үйдің тұрғындары 4 жылдан бері кәріз иісіне тұншығып отыр • Ретриттер әлемі: үнсіздік, қараңғылық және жабайы табиғат сынағы • Қаржы нарығын реттеу агенттігі 11 банкте қарыз жүктемесін тексеруді бастады • 3 қарашада бірнеше облыста тұман, көктайғақ және өрт қаупі сақталады • Алексей Чуркин Нинбодағы әлем чемпионатында төртінші орын алды • 9-11 сынып оқушылары арасында қаржылық сауаттылық олимпиадасы басталды •

    Қостанайда 2 миллиард теңге жымқырған шенеуніктер ұсталды

    Қостанайда 2 миллиард теңге жымқырған шенеуніктер ұсталды

    Фото: divecon.net

    Қостанай облысында медициналық құрылғыларды сатып алу саласында ірі көлемдегі сыбайлас-жемқорлық фактілері анықталды. Бұл туралы облыстық прокуратура мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq Today.

    Құқық қорғау және уәкілетті органдармен бірлескен тексеріс нәтижесінде медициналық ұйымдар үшін қажеттілігі төмен жабдықтардың қымбат бағаға сатылып келгені белгілі болды.

    Ведомствоның мәліметінше, келтірілген залал көлемі 2 млрд теңгеден асып кеткен.

    Аталған деректер бойынша қылмыстық істер тіркелді. Тергеу аясында Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы, қазіргі орынбасары, аудандық аурухананың бас дәрігері және медициналық құрылғыларды жеткізген компания өкілі ұсталған.

    Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр. Басқа мәліметтер Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →