Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды

    42 жекпе-жек, 42 жеңіс: Теренс Кроуфорд спорттық мансабын тәмамдайды

    42 жекпе-жек, 42 жеңіс: Теренс Кроуфорд спорттық мансабын тәмамдайды

    Фото: © Steve Marcus / Stringer / Getty Images Sport / Gettyimages.ru

    Кәсіпқой бокста бірде-бір рет жеңілмеген америкалық боксшы, pound-for-pound рейтингінің көшбасшысы Теренс Кроуфорд спорттық мансабын аяқтау туралы шешім қабылдады. Бұл жөнінде 38 жастағы спортшы өзінің YouTube-арнасында ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Кроуфордтың кәсіпқой бокстағы рекорды – 42 жекпе-жек, 42 жеңіс, оның 31-і нокаутпен аяқталған. Ол бірнеше салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанып, ұзақ жылдар бойы әлемдік бокстың ең жарқын тұлғаларының бірі саналды.

    Боксшы бұл шешімін философиялық мәні терең сөздермен түсіндірді. Оның айтуынша, бұл кету әлсіздіктің емес, ішкі жеңістің көрінісі:

    «Мен жарысты тоқтатып отырған жоқпын. Мен басқа бір шайқаста жеңіске жеттім. Ол — өз шарттарыммен кету», — деді Теренс Кроуфорд.

    Спортшы мансабында атақ пен қаржыны емес, өзін дәлелдеуге деген ішкі қажеттілікті басты мақсат еткенін атап өтті. Ол жекпе-жектерін отбасы, туған қаласы және бір кездері қолында тек арманы мен бокс қолғаптары ғана болған бала үшін өткізгенін айтты.

    Кроуфордтың сөзінше, бокс оған барын берді, ал енді бұл спортта дәлелдейтін ештеңе қалмаған. Соған қарамастан, ол бұл шешімді толық қоштасу деп есептемейді:

    «Бұл — бір жекпе-жектің соңы ғана. Ал алда жаңа кезең басталады».

    Айта кетейік, Теренс Кроуфорд рингтен кеткенімен, оның спорттағы орны мен жанкүйерлер жадындағы бейнесі ұзақ уақыт сақталатыны анық.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →