Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 4 қазан 2026 $ 448,4↑€ 504,6↑₽ 5,36↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Испанияда тұрғын үй дағдарысына байланысты жаппай наразылықтар басталды • Бөрлі ауданында 16–17 жастағы жасөспірімдерге жеңілдікті жол жүру қалпына келтірілді • Дәрігерлер жүрек саулығын сақтаудың тамақтану жолдарын атады • Қазақстан Азия ойындарында 84 медаль алып, үздік ондыққа кірді • Талдықорғанда әйелін ұрып, қарумен қорқытқан ер адам ұсталды • Астанада түнде әскери техника көбейді: Мемлекеттік күзет қызметі себебін атады • Испанияда тұрғын үй дағдарысына байланысты жаппай наразылықтар басталды • Бөрлі ауданында 16–17 жастағы жасөспірімдерге жеңілдікті жол жүру қалпына келтірілді • Дәрігерлер жүрек саулығын сақтаудың тамақтану жолдарын атады • Қазақстан Азия ойындарында 84 медаль алып, үздік ондыққа кірді • Талдықорғанда әйелін ұрып, қарумен қорқытқан ер адам ұсталды • Астанада түнде әскери техника көбейді: Мемлекеттік күзет қызметі себебін атады •

    «Ақша керек, хабрласыңыздар»: Назым Қызайбай өзіне сыйға берілген көлігін сатып, спорт зал ашпақ

    «Ақша керек, хабрласыңыздар»: Назым Қызайбай өзіне сыйға берілген көлігін сатып, спорт зал ашпақ

    Фото: instagram.com/nazym_kyzaibay09

    Үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай жеке бокс залын ашу үшін Олимпиададан кейін сыйға алған көлігін сататынын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today. 

    Боксшы 2025 жылға маңызды үш мақсат қойғанын атап өтті:

    • үш дүркін әлем чемпионы атану,
    • ата-анасына үлкен үй сыйлау,
    • өзінің бокс залын ашу.

    «Осы мақсаттардың екеуі орындалды. Үш дүркін әлем чемпионы болдым, оған қоса осы жылы екі әлем чемпионаты болғандықтан, өз рекордымды жаңартқым келді, бірақ екіншісінде күміс алдым. Осылайша әлем чемпионатында толық комплект болды. Отбасыма үлкен үй алдым, бәрі мәз», — деп жазды Назым Қызайбай.

    Ол жыл соңына дейін үшінші арманын да жүзеге асырғысы келетінін айтты.

    «Қазір шағын ғимаратты қарастырып қойдым, ұнап та тұр. Соған байланысты бір хабарландыру жасағым келеді. Өзімнің әдемі көлігімді сатамын. Бұл көлік маған Олимпиададан кейін сыйға берілген, бір жылдан аса уақыт міндім, жағдайы жақсы», — деп түйіндеді боксшы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →