Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 4 қазан 2026 $ 442,4↓€ 497,8↓₽ 5,31↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Испанияда тұрғын үй дағдарысына байланысты жаппай наразылықтар басталды • Бөрлі ауданында 16–17 жастағы жасөспірімдерге жеңілдікті жол жүру қалпына келтірілді • Дәрігерлер жүрек саулығын сақтаудың тамақтану жолдарын атады • Қазақстан Азия ойындарында 84 медаль алып, үздік ондыққа кірді • Талдықорғанда әйелін ұрып, қарумен қорқытқан ер адам ұсталды • Астанада түнде әскери техника көбейді: Мемлекеттік күзет қызметі себебін атады • Испанияда тұрғын үй дағдарысына байланысты жаппай наразылықтар басталды • Бөрлі ауданында 16–17 жастағы жасөспірімдерге жеңілдікті жол жүру қалпына келтірілді • Дәрігерлер жүрек саулығын сақтаудың тамақтану жолдарын атады • Қазақстан Азия ойындарында 84 медаль алып, үздік ондыққа кірді • Талдықорғанда әйелін ұрып, қарумен қорқытқан ер адам ұсталды • Астанада түнде әскери техника көбейді: Мемлекеттік күзет қызметі себебін атады •

    Испанияда тұрғын үй дағдарысына байланысты жаппай наразылықтар басталды

    Испанияда тұрғын үй дағдарысына байланысты 50-ден астам қалада жаппай наразылықтар мен полициямен қақтығыстар болды. Парламент үкіметтің заң жобаларын қабылдамады.

    Испанияда тұрғын үй дағдарысына байланысты жаппай наразылықтар басталды

    Фото: shutterstock

    Испанияның 50-ден астам қаласында ондаған мың адам көшеге шығып, полициямен қақтығысты. Наразылықтардың себебі — тұрғын үй дағдарысы. Бұл туралы Euronews хабарлады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Наразылықтың негізгі толқыны 2026 жылғы 3 қазан, сенбі күні басталды. Себебі Испания парламенті жалдаушыларды қорғауға және жылжымайтын мүлік бағасының өсуін тежеуге бағытталған үкіметтің заң жобаларын қабылдамады.

    Қоғамның шыдамын тауысқан оқиға — Мадридте тұратын 87 жастағы Марикармен Абаскальдің мәжбүрлі түрде көшірілуі. Ол өз пәтерінде шамамен 70 жыл тұрған. Инвестициялық компания үйді сатып алып, оған жалдау ақысын 275%-ға көтеруге әрекеттенді. Наразылықтар аясында үй иелері әйелді қайтаруға келісті, бірақ қоғамдық наразылық саяси дағдарысқа ұласты.

    Шерулерді Ұйымдастырушы — Жалдаушылар одағы. Наразылық білдірушілер соңғы 10 жылда екі есеге жуық өскен жалдау құнын түбегейлі төмендетуді, инвестициялық қорлардың тұрғын үй сатып алуына толық тыйым салуды және мәжбүрлі көшіруді тоқтатуды талап етеді.

    Парламентте тұрғын үй декреттерінің қабылданбауы Педро Санчестің коалициялық үкіметіне қауіп төндірді, сондықтан елде мерзімінен бұрын сайлау өткізу мүмкіндігі белсенді талқылануда.

    Бұған дейін «Курсив» Францияда оқушылардың білім жүйесінің нашарлауына, оқу жүктемесінің ауырлығына, мұғалімдердің жетіспеушілігіне және сыныптардың толып кетуіне наразылық білдіріп, жаппай тәртіпсіздік басталғанын жазған болатын.

    Франция жоғары сынып оқушыларының наразылық акцияларынан келген шығынды есептеп қойды, ол 33-38 млн еуроға бағаланып отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →