Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 29 шілде 2026 $ 474,9 540,4 6,09
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Ақша желге ұшты»: Қарағандыда «ҚазАвтоЖол» мен әкімдік салған су жаңа жол екі айға да шыдамады Балқаштағы жағажайда жүргізуші көлік айдады Жүргізушілердің қалтасын қаққан Қостанайдағы шұңқыр: Әкімдік қашанға дейін көз жұмып отырмақ? Өскемендегі сұмдық: Су астында қалған көліктен өрт шықты Байзақтағы бүлінген бюджет: Мердігерлер неге қылмыстық жауаппен емес, қатені түзетумен ғана құтылып жүр? Жезқазғандағы желге ұшқан миллиондар: Жасанды көгал бір айға да шыдамады «Ақша желге ұшты»: Қарағандыда «ҚазАвтоЖол» мен әкімдік салған су жаңа жол екі айға да шыдамады Балқаштағы жағажайда жүргізуші көлік айдады Жүргізушілердің қалтасын қаққан Қостанайдағы шұңқыр: Әкімдік қашанға дейін көз жұмып отырмақ? Өскемендегі сұмдық: Су астында қалған көліктен өрт шықты Байзақтағы бүлінген бюджет: Мердігерлер неге қылмыстық жауаппен емес, қатені түзетумен ғана құтылып жүр? Жезқазғандағы желге ұшқан миллиондар: Жасанды көгал бір айға да шыдамады

    Тандырханадағы трагедия: Астанада жарылыстан жұмысшылар жараланды (ВИДЕО)

    Тандырханадағы трагедия: Астанада жарылыстан жұмысшылар жараланды (ВИДЕО)

    Фото: Видеодан скрин

    Астанада тандырханада жарылыс болып, салдарынан сол маңайда жүрген бірнеше адам зардап шекті, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Оқыс оқиға Алматы ауданындағы М.Жұмабаев көшесінде болды. Қалалық ТЖД мәліметінше, екі қабатты ғимаратқа жапсарлас салынған бір қабатты тандырханада өрт шыққан.

    «ТЖД бөлімшелері келгенге дейін тұрмыстық газ баллонының газ-ауа қоспасынан жарылыс болып, нәтижесінде ғимарат жартылай қираған.

    Құтқарушылар негізгі ғимаратқа өрттің таралуына жол бермей, жедел түрде 5 газ баллонын шығарды. Өрт сөндірушілердің үйлесімді және жылдам әрекеттерінің арқасында өрт толығымен сөндірілді», — делінген ТЖД хабарламасында.

    Күйік алған 4 қызметкер ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендердің жағдайы анықталуда.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →