Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 4 қазан 2026 $ 448,4↑€ 504,6↑₽ 5,36↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Маңғыстаудағы Ыбықты Сай шатқалында вандализм жасалды • Нилуфар Раимова Азия ойындарында қола жүлдеге қол жеткізді • Қонаевта құтқарушылар пәтерде жалғыз қалған баланы аман алып қалды • Испанияда тұрғын үй дағдарысына байланысты жаппай наразылықтар басталды • Бөрлі ауданында 16–17 жастағы жасөспірімдерге жеңілдікті жол жүру қалпына келтірілді • Дәрігерлер жүрек саулығын сақтаудың тамақтану жолдарын атады • Маңғыстаудағы Ыбықты Сай шатқалында вандализм жасалды • Нилуфар Раимова Азия ойындарында қола жүлдеге қол жеткізді • Қонаевта құтқарушылар пәтерде жалғыз қалған баланы аман алып қалды • Испанияда тұрғын үй дағдарысына байланысты жаппай наразылықтар басталды • Бөрлі ауданында 16–17 жастағы жасөспірімдерге жеңілдікті жол жүру қалпына келтірілді • Дәрігерлер жүрек саулығын сақтаудың тамақтану жолдарын атады •

    Санасыздық сотқа сүйреді: Алматыда жолдың қақ ортасына үстел жайып, жарнама түсіргендер жазаланды

    Санасыздық сотқа сүйреді: Алматыда жолдың қақ ортасына үстел жайып, жарнама түсіргендер жазаланды

    Фото: astanatv

    Алматыда жарнама ролигін түсірген кафенің қызметкерлері сотқа тартылды, деп хабарлайды Qazaq.today. 

    Олар қаланың қарбалас көшелерінің біріндегі жаяу жүргіншілер жолағына үстел қойып, жайғасқан. Осылайша адамдар мен жүргізушілерге кедергі келтірген.

    «Олардың әрекеті көлік пен жаяу жүргіншілердің қозғалысына кедергі келтіріп, ұсақ бұзақылық ретінде сараланды – қоршаған ортаға құрметсіздік таныту және қоғамдық тәртіпті бұзу (ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі). Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралған іс бойынша үш құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындады», — делінген соттың хабарламасында.

    Түсірілімге қатысқандар кінәсін мойындап, жасаған әрекеттеріне өкініш білдірді.

    Сот ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі («ұсақ бұзақылық») бойынша әрқайсына 20 АЕК, шамамен 78 мың теңге көлемінде айыппұл салды.

    Сот қаулысы заңды күшіне енді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →