Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 4 қазан 2026 $ 448,4↑€ 504,6↑₽ 5,36↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Маңғыстаудағы Ыбықты Сай шатқалында вандализм жасалды • Нилуфар Раимова Азия ойындарында қола жүлдеге қол жеткізді • Қонаевта құтқарушылар пәтерде жалғыз қалған баланы аман алып қалды • Испанияда тұрғын үй дағдарысына байланысты жаппай наразылықтар басталды • Бөрлі ауданында 16–17 жастағы жасөспірімдерге жеңілдікті жол жүру қалпына келтірілді • Дәрігерлер жүрек саулығын сақтаудың тамақтану жолдарын атады • Маңғыстаудағы Ыбықты Сай шатқалында вандализм жасалды • Нилуфар Раимова Азия ойындарында қола жүлдеге қол жеткізді • Қонаевта құтқарушылар пәтерде жалғыз қалған баланы аман алып қалды • Испанияда тұрғын үй дағдарысына байланысты жаппай наразылықтар басталды • Бөрлі ауданында 16–17 жастағы жасөспірімдерге жеңілдікті жол жүру қалпына келтірілді • Дәрігерлер жүрек саулығын сақтаудың тамақтану жолдарын атады •

    Кентаудағы келеңсіздік: қоқыс контейнерінен жаңа туған сәбидің денесі табылды

    Кентаудағы келеңсіздік: қоқыс контейнерінен жаңа туған сәбидің денесі табылды

    Фото: Түркістан облысы ПД

    Кентау қаласында қоқыс контейнерінен жаңа туған нәрестенің денесі табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Qazaq.today порталы.

    Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір баланың анасын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

    Полиция қызметкерлері үй-жайларды аралап тексеру жұмысын жүргізуде, бейнебақылау камераларының жазбалары зерттеліп, жақын маңда тұратын тұрғындар мен мүмкін болатын куәгерлерден жауап алынып жатыр. Сондай-ақ медициналық ұйымдар да тексерілуде.

    «Тергеу аясында барлық мән-жайды анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Нәтижесі бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады», – деп хабарлады полиция департаменті.

    Ведомство мәліметінше, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →