Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 25 қазан 2026 $ 449,2↑€ 503,8↑₽ 5,49↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Аутизмі бар балалар футбол ойнайтын UNI FOOTBALL LEAGUE UEFA қола жүлдесін алды • Гүлзира Айдарбекова Қайраттың 20 жыл бұрынғы концерттерін еске алды • Тоқаев NVIDIA басшысымен кездесу қорытындысы туралы пікір білдірді • Дженсен Хуанг: 9 жасында дәретхана жуған бала NVIDIA компаниясын басқарады • ТЖМ жүргізушілерге ауа райы суығанда қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертті • Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті • Аутизмі бар балалар футбол ойнайтын UNI FOOTBALL LEAGUE UEFA қола жүлдесін алды • Гүлзира Айдарбекова Қайраттың 20 жыл бұрынғы концерттерін еске алды • Тоқаев NVIDIA басшысымен кездесу қорытындысы туралы пікір білдірді • Дженсен Хуанг: 9 жасында дәретхана жуған бала NVIDIA компаниясын басқарады • ТЖМ жүргізушілерге ауа райы суығанда қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертті • Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті •

    «Grammy Global Spin» жобасы: Димаш Құдайберген АҚШ-тың дыбыс жазу академиясымен жұмыс істемек

    «Grammy Global Spin» жобасы: Димаш Құдайберген АҚШ-тың дыбыс жазу академиясымен жұмыс істемек

    2025 жылдың 4 желтоқсанында америкалық музыка марапаттардың бірі — «Grammy» сыйлығының ресми сайтын мен YouTube арнасында Димаш Құдайбергеннің өз авторлық «Fire» композициясымен орындаған жаңа бейнежазбасының премьерасы өтті, деп хабарлайды Qazaq.today басылымы  Dimashnews-ке сілтеме жасап. 

    Қазан айында ол Нью-Йорк қаласындағы әлемге әйгілі Madison Square Garden сахнасында қазақ мәдениетін жоғары деңгейде таныстырып, зор табысқа жеткенінен кейін, Димаш Америка Құрама Штаттарындағы ең беделді музыкалық институттардың бірі — Grammy.com платформасымен және Американдық Ұлттық дыбыс жазу өнері мен ғылымы академиясымен шығармашылық байланыс орнатты.

    «Global Spin» жобасы 2021 жылдың қыркүйегінде әлемдік музыкалық қауымдастықты қолдау және дамыту мақсатында іске қосылған. Жоба аясында бүгінге дейін K-pop жанрының мегажұлдыздарынан бастап, нигериялық хип-хоп және шотланд фолк орындаушыларына дейін көптеген танымал халықаралық әртістер өнер көрсетті. Әрбір шығарылым белгілі бір орындаушының ғана емес, сондай-ақ оның Отанын да дәріптейтін эксклюзивті тікелей орындаудан тұрады.

    Дыбыс жазу академиясы АҚШ-тың орындаушыларының, ән авторларының, продюсерлерінің, дыбыс режиссерлерінің және басқа да музыкалық мамандарының мүдделерін қорғай отырып, сондай-ақ әлемдегі ең беделді музыкалық марапат — «Grammy» сыйлығын да ұйымдастырады.

    Мұндай жоғары беделді ұйым тарапынан мойындалу — әлемдік мәдени кеңістікте өз елін таныстырып жүрген әртіс үшін маңызды қадам болып саналады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →