Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    Астанада 8-сынып оқушысы мектепке бомба қойылғаны туралы хабар таратты

    Астанада 8-сынып оқушысы мектепке бомба қойылғаны туралы хабар таратты
    Фото: istockphoto.com

    Астанада мектепке бомба қойылғаны туралы жалған ақпарат таратқан оқушы жазаға тартылды, деп хабарлайды Qazaq Today.

    Қаладағы білім мекемелерінің біріне жарылғыш зат қойылғаны жөнінде екі рет хабар түскен. Алғашында роботтандырылған дауыс қоңырау шалып, қауіптілік туралы ескерткен. Екі күннен соң дәл осы мектептің директоры жеке нөміріне осындай мазмұнда тағы хабарлама алған. Төтенше жағдай қызметтері дереу оқушыларды эвакуациялап, ғимаратты тексерді, алайда қауіптің бар екені расталмады.

    Тергеу нәтижесінде жалған ақпаратты 8-сынып оқушысы жібергені анықталды.

    «Жасөспірім әлеуметтік желіден ақыға жалған хабарлама жіберуді ұсынған хабарландыруды көріп, өз телефонына қолжетімділік берген. Осылайша ол сабақтың тоқтауына қол жеткізбек болған.

    Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кәмелетке толмағанның ата-анасы бала тәрбиесіне қатысты міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Оқушы ішкі істер органдарының есебіне қойылды», – делінген ресми мәліметте.

    Полиция жалған ақпарат таратудың ауыр зардаптарға және қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді. Сондай-ақ ата-аналарға балалардың телефон және әлеуметтік желіні пайдалануын бақылап, алдын алу жұмыстарын жүргізуге, күмәнді жағдайлар байқалса бірден құқық қорғау органдарына хабарлауға кеңес берілді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →