Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады

    Президент Ерлан Қошановты қабылдады

    Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.

    Президентке VIII сайланған Парламенттің төменгі палатасының қызметі туралы мәлімет берілді. Атап айтқанда, сессия басталғаннан бері Мәжіліс депутаттарының қарауында 75 заң жобасы болды. Оның 14-і қабылданып, Сенатқа жолданды. Қазір депутаттардың қарауында онлайн-платформалар, заңсыз сатып алынған активтерді қайтару, «Ұлттық қор – балаларға» бастамасын іске асыру, қоғамдық бақылау, тұрғын үй қатынастарын жетілдіру туралы заң жобалары бар.

    Ерлан Қошанов сайлаушылармен жұмыстың күшейтілгені туралы айтты. Азаматтарды қабылдау, комитеттердің салалық және көшпелі отырыстары тұрақты өткізіліп тұрады. Депутаттар халықтың өзекті мәселелеріне қатысты сауалдарды жиі жолдай бастады.

    Жуырда 2022 жылғы республикалық бюджеттің жұмсалуы туралы Үкіметтің және Жоғары аудиторлық палатаның есебіне қатысты қоғамдық тыңдалым өтеді. Президентке аталған шараға дайындық барысы туралы баяндалды.

    Мәжіліс төрағасы парламенттік дипломатия аясындағы жұмыстың қорытындылары туралы да айтты. Бұдан бөлек, Мәжіліс биыл маусым айында Қазақстанның төрағалығы аясында БҰҰ қолдауымен ұйымдастырылатын Орталық Азия елдері әйелдері диалогының бірінші отырысын өткізуге дайындалып жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →