Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 22 қазан 2026 $ 450,3↑€ 505,6↓₽ 5,46↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінде әскери реформа жоспарын талқылады • ҚазҰУ оқытушысына сабақ үстінде жұмыстан босату туралы бұйрық тапсырылды • Ақмарал Әлназарова Самарқандта Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан министрлерімен келіссөз жүргізді • Балиде қазақстандық қыз такси жүргізушісінің алаяқтығына тап болды • Бала мен мұғалім арасындағы кикілжіңді қалай шешуге болады: ата-аналарға кеңес • Астанада балабақшаға орын уәде етіп, 9 адамды алдаған тұрғын сотталды • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінде әскери реформа жоспарын талқылады • ҚазҰУ оқытушысына сабақ үстінде жұмыстан босату туралы бұйрық тапсырылды • Ақмарал Әлназарова Самарқандта Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан министрлерімен келіссөз жүргізді • Балиде қазақстандық қыз такси жүргізушісінің алаяқтығына тап болды • Бала мен мұғалім арасындағы кикілжіңді қалай шешуге болады: ата-аналарға кеңес • Астанада балабақшаға орын уәде етіп, 9 адамды алдаған тұрғын сотталды •

    Эфирге «Соғысты тоқтатыңдар» деген жазу ұстап шыққан журналиске айыппұл салынды

    Мәскеудің Останкино соты Бірінші арна редакторы Марина Овсянниковаға «заңсыз наразылық акциясына шақырғаны үшін» 30 мың рубль көлемінде айыппұл салды.

    Овсянникова 14 наурызда кешке «Время» жаңалықтар бағдарламасының тікелей эфирі болып жатқанда студияда отырған диктордың қасына атып шығып, «Соғысты тоқтатыңыздар. Пропагандаға сенбеңіздер. Бұл жерде сіздерді алдап жатыр» деген плакат ұстап тұрды. Ол диктор сөйлеп жатқанда «Соғысты тоқтатыңыздар! Соғысқа жол жоқ!» деп қарсылық білдірді. «Первый канал» осы жайтқа байланысты тексеріс бастаған, артынша Овсянникованың ұсталып, үстінен әкімшілік іс қозғалған деген хабар шықты.

    Сот отырысынан «Медиазона» трансляция жүргізді. Судья Анна Болотникованың айтуынша, полиция «интернет мониторинг кезінде» журналистің жұртты «наразылық акциясына шақырған» видеосын тапқан. Журналист тағылған айыппен келіспеді.

    Ақпаратқа қарағанда, журналист Бірінші арна эфиріне шықпай тұрып видеомәлімдеме жасаған. Видеоның соңында тілші «митингіге шығыңыздар» дейді. Видеороликте ол үгіт-насихатқа араласқанын алға тартып, сол ісіне өкінетінін айтады.

    «2014 жылы басталған кезде бәріміз үнсіз қалдық. Кремль Навальныйға у берген кезде митингіге шыққан жоқпыз. Біз антигуманды режимді үнсіз бақыладық. Қазір бізден бүкіл әлем теріс айналды. Бізден кейін он буын ауысса да, мына масқарадан арыла алмайды. Біз, орыс халқы, ойлы, ақылдымыз. Бұл бассыздықты тоқтату тек біздің қолымыздан ғана келеді. Митингіге шығыңыздар, ештеңеден қорықпаңыздар, олар біздің бәрімізді отырғыза алмайды» деді тілші.

    Журналист 14 наурызда акциядан кейін «Останкино» телеорталығында ұсталған. Оның қайда екені ұзақ уақыт белгісіз болды. Мемлекеттік ТАСС агенттігінің дереккөзі наурыз басында күшіне енген армияның беделіне нұқсан келтіру туралы қылмыстық бап бойынша тергеуге дейінгі тексеріс жүргізіп жатқанын хабарлаған. Ол бойынша журналиске 10 жыл түрме жазасы берілуі мүмкін.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →