Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 26 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Автобуста 55 жолаушы болған: қиылыста бағдаршамды өтіп кеткен көлік соқтығысып, ер адам қаза тапты • Қазақстандық балуандар Астанадағы әлем чемпионатында екі қола медаль жеңіп алды • Түркістанда «TAIQAZAN» гастрономиялық фестивалі өтіп жатыр • Рыбакина Нинбода титул қорғап, WTA рейтингінде 2000 ұпайға алға шықты • UFC Қазақстанда турнир өткізуді жоспарлап отыр – Дана Уайт • «Ордабасы» мерзімінен бұрын Қазақстан чемпионы атанды • Автобуста 55 жолаушы болған: қиылыста бағдаршамды өтіп кеткен көлік соқтығысып, ер адам қаза тапты • Қазақстандық балуандар Астанадағы әлем чемпионатында екі қола медаль жеңіп алды • Түркістанда «TAIQAZAN» гастрономиялық фестивалі өтіп жатыр • Рыбакина Нинбода титул қорғап, WTA рейтингінде 2000 ұпайға алға шықты • UFC Қазақстанда турнир өткізуді жоспарлап отыр – Дана Уайт • «Ордабасы» мерзімінен бұрын Қазақстан чемпионы атанды •

    «Сындырып жатыр»: Қайрат Сатыбалдыға түрмеде қысым көрсетілгені жайлы ақпарат тарады

    Ғаламторда экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Қайрат Сатыбалдыға колония қабырғасында физикалық қысым көрсетіліп, моральды тұрғыдан «сындырып» жатқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлады ҚазТАГ.

    Хабарлама авторы Назарбаевтың інісін «Қазақстан салафиттерінің көшбасшысы» деп атаған. Түрмеде Қайрат Сатыбалды отырған камераға тағы екі тұтқынды орналастырған. Олардың басты тапсырмасы Қайрат Сатыбалдыға физикалық қысым көрсету, моральды тұрғыдан «сындыру». Хабарлама авторларының айтуынша, осындай әрекеттер арқылы Қайрат Сатыбалдының менмендігі мен тәкаппарлығын басу көзделген.

    «Кешке жанына жаңа тұтқындар камераға орналастырылған соң, ұлттық қауіпсіздіктің сотталған экс-генералы бірден колониядағы қоғамдық орындарды тазалаумен айналысты», — делінген хабарламада.

     

    Ал, Қылмыстық атқару комиетінің мәліметінше, экс-президенттің інісіне қысым жасалғаны жайлы шағым түспеген. Қайрат Сатыбалды қазір №22 түзету мекемесінде жазасын өтеп жатыр.

    «Сотталған Сатыбалды Қ. қолданыстағы заңнамаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы бойынша түзеу мекемесінің №22 мекемесінде жалпы негізде жазасын өтеп жатыр. Басқа сотталғандарға қатысты мекеме әкімшілігіне және жоғары тұрған органдарға арыздармен жүгінбеген. Ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес, Сатыбалды Қ. басқа сотталғандармен бірге қамауда. Сотталғандар тарапынан Сатыбалды Қ.-ға қатысты заңсыз әрекеттер тіркелмеген. Бірқатар мекемелер сияқты бұл мекемеде де бейнебақылау жүйесі орнатылған», — деп хабарлады ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) баспасөз қызметі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →