Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 17 қараша 2026 $ 445,1↑€ 490,5↑₽ 5,39↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Денверге ұқсайды, тек таулары әлдеқайда әдемі»: шетелдік туристерді Алматыдағы жарыс несімен қызықтырады? • «Келін ененің топырағынан»: Толқын Забирова көпшілікке келінін көрсетті (ВИДЕО) • Үкімет Яндекстегі ақаудан кейін отандық Qajet такси қызметін дамытпақ • Ақша айналымы 289,5 млрд теңгеге жетті: Ұлытау облысы құрылыс жұмыстары бойынша ел көлемінде алға шықты • Бектенов: Мемлекеттік сатып алуда қазақстандық өнім басым болуы керек • Рыбакина Брисбендегі жаңа маусымның алғашқы турнирінде бақ сынайды • «Денверге ұқсайды, тек таулары әлдеқайда әдемі»: шетелдік туристерді Алматыдағы жарыс несімен қызықтырады? • «Келін ененің топырағынан»: Толқын Забирова көпшілікке келінін көрсетті (ВИДЕО) • Үкімет Яндекстегі ақаудан кейін отандық Qajet такси қызметін дамытпақ • Ақша айналымы 289,5 млрд теңгеге жетті: Ұлытау облысы құрылыс жұмыстары бойынша ел көлемінде алға шықты • Бектенов: Мемлекеттік сатып алуда қазақстандық өнім басым болуы керек • Рыбакина Брисбендегі жаңа маусымның алғашқы турнирінде бақ сынайды •

    26 қазанда жеті қалада ауа райы қолайсыз болады деп ескертілді

    26 қазанда Қазақстанның жеті қаласында ауа райының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі. Тұрғындарға ашық ауада болу уақытын қысқарту ұсынылады.

    26 қазанда жеті қалада ауа райы қолайсыз болады деп ескертілді

    Фото: Pexels

    26 қазанда Қазақстанның жеті қаласында ауа райының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары (ҚМЖ) күтіледі. Тұрғындарға көшеде жүргенде ауа райы факторларын ескеру ұсынылады. Бұл туралы «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасай отырып, агенттік хабарлайды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның жер беті қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) үйлесімі.

    ҚМЖ туындаған кезде елді мекендерде атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін, бұл адамдардың денсаулығына әсер етеді. Ластану деңгейінің қалыптасуын айқындайтын маңызды факторлардың бірі — синоптикалық жағдайдың (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы) болжамы.

    Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде мыналар ұсынылады:

    • ашық ауада, әсіресе автомобиль жолдарының немесе ластанудың басқа да көздерінің жанында болу уақытын қысқарту. Балалар мен жүкті әйелдер ұзақ серуендеуден бас тартуы керек;
    • өкпе, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар ашық ауада болған кезде қажетті дәрі-дәрмектерді өздерімен бірге алып жүруі қажет;
    • ашық ауадағы дене жүктемесін шектеу. Дене шынықтыру және спортпен жабық спорт кешендерінде айналысу.

    Еске салайық, 26 қазанда Қазақстанның 16 облысында, сондай-ақ Алматы мен Шымкентте дауылды ескерту жарияланған. Синоптиктер қатты жел, тұман, көктайғақ, шаңды дауыл және түнгі үсіктерді болжайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →