Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 26 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Түркістанда «TAIQAZAN» гастрономиялық фестивалі өтіп жатыр

    Түркістанда Республика күні қарсаңында TURKISTAN GASTRO «TAIQAZAN» FEST гастрономиялық фестивалі өтіп жатыр. 40-тан астам қатысушы ұлттық тағамдар мен жергілікті брендтерді таныстыруда.

    Түркістанда «TAIQAZAN» гастрономиялық фестивалі өтіп жатыр

    Сурет: ernur.kz

    Түркістан қаласында Республика күні қарсаңында TURKISTAN GASTRO «TAIQAZAN» FEST гастрономиялық фестивалі басталды. Бұл іс-шара өңірдің ұлттық тағамдарын, гастрономиялық мәдениетін және жергілікті брендтерін кеңінен танытуды мақсат етеді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Шаһардағы «Hampton by Hilton» қонақ үйінің маңында ұйымдастырылған фестивальге 40-тан астам қатысушы жиналып, келушілерге түрлі тағамдар мен гастрономиялық өнімдерді ұсынуда.

    Фестиваль бағдарламасы аясында ұлттық тағамдардың таныстырылымы, бас аспаздардың шеберлік сабақтары, аспаздық байқаулар мен жергілікті өнімдер көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар этномәдени бағдарлама, ұлттық дәстүрлер мен мәдени қойылымдар, өңірлік брендтердің таныстырылымы өтіп жатыр. Кешкі бағдарлама концерттік қойылымдармен және қорытынды шоумен жалғасады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →