Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 29 тамыз 2026 $ 463,4 539,7 5,42
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Тоқаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды

    Президент жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

    Іссапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысында өңірдің көктемгі егіс науқанымен танысып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездеседі деп жоспарланып отыр.

    Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтағы әлеуметтік нысандарды аралап көреді

    Фото: Ақорда

    Бұдан бөлек, Президент 30 мамыр күні Ақордада бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдайды.

    Қасым-Жомарт Тоқаев 2 маусымда Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында өтетін екінші «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» саммитіне қатысады деп жоспарланып отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →