Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 16 тамыз 2026 $ 463,9 536,7 5,51
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада он адам ВИЧ жұқтырды деген күдікке ілінді «Неге маған айтпады?»: Ұлдана Мырзуанның анасы бұрынғы күйеу баласының әрекетіне ренжіді Ұлдана Мырзуанның анасы: банкте қызымның несиесі жоқ екенін өзім тексердім Маңғыстау балуаны Жантілек Нұртілепұлы Qazaqstan Barysy-2026 жеңімпазы атанды Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы күміс медаль алды Қазақстан оқушылары IOI 2026-да 10-орынға ие болды Астанада он адам ВИЧ жұқтырды деген күдікке ілінді «Неге маған айтпады?»: Ұлдана Мырзуанның анасы бұрынғы күйеу баласының әрекетіне ренжіді Ұлдана Мырзуанның анасы: банкте қызымның несиесі жоқ екенін өзім тексердім Маңғыстау балуаны Жантілек Нұртілепұлы Qazaqstan Barysy-2026 жеңімпазы атанды Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы күміс медаль алды Қазақстан оқушылары IOI 2026-да 10-орынға ие болды

    «Мәңгі жанымдасың, жүрегімдесің»: Астанада көз жұмған фельдшердің күйеуі жантебірентерлік жазба жариялады

    «Мәңгі жанымдасың, жүрегімдесің»: Астанада көз жұмған фельдшердің күйеуі жантебірентерлік жазба жариялады

    Фото: https://www.threads.com/@zeineladilet

    Астанада тұрғын үй ғимаратының қасбеті құлаған кезде өзгелерге көмектесемін деп жүріп алған ауыр жарақатынан көз жұмған 23 жастағы фельдшер Ұлдана Мырзуанның күйеуі әлеуметтік желідегі парақшасында жантебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Зейнет Әділет жазбасында ешқандай медаль оның жарын өмірге қайтармайтынын айтып, енді соттың әділ өтуін талап еткен.

    “Ешқандай медаль, ешқандай сөздер менін жүрегімнін иесін маған қайтарып бере алмайды. Үйіме нұр, құт-береке әкелген, Алла қосқан адал жарымнын тілеуін тілеген барша Қазақ еліне алғысым шексіз. Осы уақытқа дейін Алладан жүрегімді аман алып қалуын тілеп, қасында барынша көп болып дұға еттім, сабыр қылып бәрін сабырға салдым. Енді мен соттың әділ өтуін талап етемін, тергеудін адал қаралуы, Құдай қосқан қосағымнын жаны тыныш болуы үшін осыны аяғына дейін алып бару керек. Жауаптылар жазасын алу керек!” – деп жазды ол.

    Сондай-ақ ол марқұм жарына жүректен шыққан өлең жолдарын арнаған

    “Жарқ етіп үйіме күн болып кірдің,
    Өміріме мағына, жүрегіме нұр бердің.
    Шаңырағыма сән, тіршілігіме мән болдың,
    Мамаға келін емес, қызындай болдың.
    Жан-жарым тағдыр маған сені сыйлады,
    Маңдайыма сыймадың ба, періштем менің, аяладым, аялаймын…
    Жүрегім…Сағыныштан сыздайды көңіл, үнсіз түндер менімен бірге жылайды.
    Сен менің мәңгі жанымдасың, жүрегімдесің”, – деп жазған ол.

    Күйеуі жазба

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →