Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті •

    Жамбыл облысында автокөлік пойызға соғылды

    Жамбыл облысында автокөлік пойызға соғылды
    Фото: gov.kz

    Компанияның мәліметінше, аталған оқиғадан ешкім зардап шекпеген.

    Жамбыл облысында Lada Niva автокөлігінің жүргізушісі жүріп келе жатқан пойызға соғылды. Бұл туралы «Қазақстан темір жолына» сілтеме жасап хабарланды.

    Оқиға 2025 жылдың 14 қарашасында Шу–Тараз учаскесіндегі Тәтті стансасындағы күзетілмейтін реттелетін теміржол өткелінде болды.

    Жүргізуші тыйым салатын белгіні елемей, жүріп келе жатқан пойызға жақын келіп, Алматы – Шымкент жолаушылар пойызындағы вагонның біріне соғылды.

    Оқиға түнгі уақытта орын алды. Пойыз өз бағытын жалғастырды. Шымкент стансасында вагондарға техникалық тексеру жүргізіліп, қозғалыс қауіпсіздігіне әсер ететін зақым анықталған жоқ, дейді мамандар.

    Автокөлік жүргізушісі анықталды, құқық қорғау органдары тиісті жұмыстар жүргізіп жатыр.

    «Қазақстан темір жолы» компаниясы барлық жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін және теміржол өткелдеріндегі қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →