Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қырғызстандық Муртазали Магомедов UFC-дегі екінші жеңісін алды • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Қырғызстандық Муртазали Магомедов UFC-дегі екінші жеңісін алды • Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты Ақ үйдің баспасөз хатшысы етіп ұсынды • Рыбакинаның турнирден бас тартуы Украинаға тарихи мүмкіндік сыйлады • Ақтөбедегі жеңістерден кейін қазақстандық боксшылар BoxRec рейтингінде жоғарылады • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды •

    Түркістан облысында полиция қызметкері ұсталды

    Түркістан облысында полиция қызметкері ұсталды

    Фото: видеодан скрин

    Әлеуметтік желілерде Түркістан облысы Созақ ауданында ҰҚК қызметкерлері полиция қызметкеріне жеке тінту жүргізіп, тексеріп жатқан бейнежазба тарады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Онда күдікті өз қалтасындағы заттарды көрсетіп тұрған кезде, қашуға әрекет жасаған. Алайда Түркістан облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы ҰҚКД-мен бірлесіп, құқыққа қайшы әрекеттер жасады деген күдікпен аудандық полиция бөлімінің қызметкерін ұстады.

    Ұсталған полицей жергілікті тұрғыннан тіркелмеген аңшылық қару тапқан. Кейін оны қылмыстық жауапкершілікке тартпау үшін 200 мың теңге талап еткен.

    Бұл оқиғаға қатысты Түркістан облысы Полиция департаменті ресми түсініктеме берді.

    «Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факт бойынша болған оқиғаның бүкіл мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Осы ретте полиция департаментінде тәртіптік комиссияның отырысы өткізіліп, оның шешімімен қызметкер теріс себептермен ішкі істер органдарынан шығарылды», – делінген ресми хабарламада.

    Сондай-ақ басқа жауапты лауазымды тұлғаларға қатысты қызметтік тексеру жүріп жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →