Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда 9 тамызда екі орман өрті тіркелді Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады Қазақстанда 9 тамызда екі орман өрті тіркелді Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады

    Алматыдағы тәрбиеленушілер өрттен кейін санаторийге орналастырылды

    Алматыдағы тәрбиеленушілер өрттен кейін санаторийге орналастырылды

    Фото: Видеодан аланған кадр

    Алматыдағы «Перзент» балалар үйінде шыққан өрт кезінде мекемеде болған 35 тәрбиеленуші мен қызметкерлер уақытша сауықтыру санаторийіне орналастырылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Алматы әкімдігінің мәліметінше, бәріне қажетті көмек пен қолдау көрсетіліп жатыр. Тәрбиеленушілерге тамақ беріліп, киім-кешек, азық-түлік және жеке гигиена құралдары жеткізілді. Сонымен қатар балаларға тәттілер таратылды.

    Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

    Оқиға орнында Алматы қаласы әкімдігі мен Қоғамдық кеңес өкілдері, Наурызбай ауданының қорғаншылық және қамқоршылық қызметі, сондай-ақ Отбасыны қолдау орталығы мен Балаларды қолдау орталығының мамандары жұмыс істеп жатыр.

    Айта кетейік, елімізге танымал Әмина апаның «Перзент» балалар үйі ауласындағы асхана ғимараты ашық жанып кетті. Ғимараттың ішінде ешкім болмаған. Зардап шеккендер жоқ.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →