Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 1 тамыз 2026 $ 474,2 545,8 5,95
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Елде 1 пайыздық ипотекалық бағдарлама іске қосылды

    Елде 1 пайыздық ипотекалық бағдарлама іске қосылды
    Фото: Shutterstock

    Бұл туралы Отбасы банкі мәлімдеді.

    Қазақстанда «Дипломмен ауылға» жобасы аясындағы 1 пайыздық ипотекалық бағдарлама бойынша өтінім қабылдау басталды.

    Бағдарламаға кімдер қатыса алады:

    Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, агроөнеркәсіп кешені, мәдениет және спорт салаларының мамандары, сондай-ақ ауылдық округ әкімдері аппараттарында жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілер (әкімдер мен олардың орынбасарларынан басқа) бағдарламаға қатысуға құқылы.

    Қатысу үшін үміткерлер Baspana Market платформасында тіркеліп, онлайн өтінім толтырып, құжаттарды электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы растауы қажет.

    Бағдарламаның артықшылықтары:

    • Көтерме жәрдемақы – бір реттік төлем, 100 айлық есептік көрсеткіш (АЕК);
    • Жеңілдетілген несие – тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін жылдық 1% мөлшерлемемен (ЖТСМ – 1%);
    • Несие сомасы – елді мекен түріне қарай 2 500 АЕК-ке дейін;
    • Несие мерзімі – 15 жылға дейін.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →