Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды

    Ел халқының саны 161 мың адамға көбейді

    Ел халқының саны 161 мың адамға көбейді

    Фото: Pixabay

    Бұл жаңалықты Ұлттық статистика бюросы таратты, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

    Бүгінгі таңда еліміздегі халықтың саны 20 млн 445 мың адамнан асты.

    Ұлттық бюроның мәліметінше, жыл басынан бері халық саны 161 832 адамға артқан. Оның ішінде көші-қон есебінен – 10 200 адам келсе, табиғи өсім – 151 632 адамды құраған.

    Республикадағы қала халқының саны 12,75 миллионға жеткен. Ал ауыл халқы әдеттегідей азайған. Елдімекендерде қоныстанғандар саны – 7,470 млн адам. Жалпы еліміздегі ер адамдардың үлесі 9 млн 993 мыңнан асса, әйелдердің үлесі 10 млн 452 мың 452-ні құрап отыр.

    Қазір еліміздің 7 өңірінде халық саны 1 миллионнан асты.

    Олар:

      • Алматы қаласы – 2 337 023 адам;

     

      • Түркістан облысы – 2 148 207 адам;

     

      • Астана қаласы – 1 612 512 адам;

     

      • Алматы облысы – 1 586 875 адам;

     

      • Шымкент қаласы – 1 286 087 адам;

     

      • Жамбыл облысы – 1 216 849 адам;

     

      • Қарағанды облысы – 1 131 818 адам.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →