Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 7 қазан 2026 $ 455,3↑€ 510,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қарттар үйі» дұрыс шешім»: Бақыт Тұрманның мәлімдемесі жұртты шошытты • «Қазақмыс» Балқашта әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға кірісті • «Бір көшеге ақша бар, қалғанына жоқ па?»: Атырауда жаңа мектеп салынды, бірақ тротуар ұмыт қалған • Шымкентте 13 жастағы бала мейрамханада көз жұмды • Мемлекет басшысы Тимур Турловты қабылдады • «Төреғали аяқ киімін шешіп, кері лақтырар еді»: Қайрат Нұртастың мінезі талқыға түсті • «Қарттар үйі» дұрыс шешім»: Бақыт Тұрманның мәлімдемесі жұртты шошытты • «Қазақмыс» Балқашта әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға кірісті • «Бір көшеге ақша бар, қалғанына жоқ па?»: Атырауда жаңа мектеп салынды, бірақ тротуар ұмыт қалған • Шымкентте 13 жастағы бала мейрамханада көз жұмды • Мемлекет басшысы Тимур Турловты қабылдады • «Төреғали аяқ киімін шешіп, кері лақтырар еді»: Қайрат Нұртастың мінезі талқыға түсті •

    «Биологиялық ырғаққа әсер етеді»: Өскемен тұрғындары уақыт белдеуін өзгертуге қарсы шықты

    «Биологиялық ырғаққа әсер етеді»: Өскемен тұрғындары уақыт белдеуін өзгертуге қарсы шықты

    Фото: видеодан скрин

    5 қараша кешкісін Өскемендегі «Достық үйі» маңында ондаған қала тұрғыны жиналды. Халық Шығыс Қазақстан облысы үшін бұрынғы уақыт белдеуін қайтару туралы жоспарланған митинг өтетін-өтпейтінін білгісі келді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарт порталы.

    Акцияны ұйымдастырушы — қала тұрғыны Леонид Карташёв. Ол 2024 жылдың күзінде бейбіт митинг өткізуге рұқсат сұраған болатын. Бір жылдан кейін билік өтінішті қанағаттандырып, 5 қараша күні сағат 17:00-ден 18:00-ге дейін Назарбаев даңғылында өткізуге келісім берген.

    Алайда белсенді ұсынылған уақыт пен орынды қолайсыз деп есептеп, өз өтінішінен бас тартқан. Ол акцияның күнін және регламентін тұрғындармен бірлесе отырып бекітуді талап еткен.

    Соған қарамастан, кейбір тұрғындар митингтің тоқтатылғанын байқамай, алаңға келген. Олар қала әкімдігінің ресми парақшасынан акцияның өтпейтіні туралы хабар таппағандарын айтып, жағдайды орнында нақтыламақ болған.

    «Жаңалықтарда митинг өтеді деп айтылды. Ал тоқтатылғаны жайлы еш ақпарат көрмедім. Сол себепті осында келдік. Бізді уақыттың өзгеруі алаңдатады. Бұл – адамның биологиялық ырғақтарына әсер етеді. Бір айдан кейін адамдар күндізгі үштің өзінде ұйықтағысы келетін болады, өйткені астрономиялық түн ерте түседі. Бұл қалыпты жағдай емес. Біз осыған назар аудартқымыз келеді», — деді қоғамдық белсенді Роман Честных.

    Оқиға орнында полиция да, әкімдік өкілдері де болмаған.

    Өскемен қалалық ішкі саясат бөлімінің мәліметінше, әкімдік Карташёвқа митинг өткізуге рұқсат берген, алайда ол өзі ұсынған күннен бас тартқан.

    Митинг ресми түрде өтпесе де, Өскемен тұрғындары уақыт белдеуін өзгерту тақырыбын әлеуметтік желілерде белсенді талқылап жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →