Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 17 шілде 2026 $ 469,2 538,0 6,06
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Семей орманындағы» өрт өрши түсті: 600-ден астам адам тілсіз жаумен күресіп жатыр (ВИДЕО) «Семей орманындағы» ашық жану толық сөндірілді «Елимай» пенальти сериясында жеңіліп, Еурокубоктерден шығып қалды Қазақстанда әйелдерге арналған «Ұмай» жеңілдікті ипотекасы іске қосылады 7 адам оқиға орнында ажал құшты: Түркістан облысында ауыр жол апаты болды Қазақстанда мәдениет пен өнерді дамыту: 2026 жылғы басым бағыттарға сараптама «Семей орманындағы» өрт өрши түсті: 600-ден астам адам тілсіз жаумен күресіп жатыр (ВИДЕО) «Семей орманындағы» ашық жану толық сөндірілді «Елимай» пенальти сериясында жеңіліп, Еурокубоктерден шығып қалды Қазақстанда әйелдерге арналған «Ұмай» жеңілдікті ипотекасы іске қосылады 7 адам оқиға орнында ажал құшты: Түркістан облысында ауыр жол апаты болды Қазақстанда мәдениет пен өнерді дамыту: 2026 жылғы басым бағыттарға сараптама

    «Банк жабылса халық зардап шегеді, ал «таңдаулыларды» мемлекет құтқарады» — Айдос Сарым жаңа заң жобасын сынға алды

    «Банк жабылса халық зардап шегеді, ал «таңдаулыларды» мемлекет құтқарады» — Айдос Сарым жаңа заң жобасын сынға алды

    Фото: Видеодан алынған кадр

    Оның сөзінше, мұндай құпия тізім елдегі әділ бәсекеге де, халық сеніміне де соққы береді.Мәжіліс депутаты Айдос Сарым халықтың ақшасына тікелей қатысы бар маңызды мәселені көтерді.

    Жаңа заң жобасына сәйкес, Ұлттық банк кейбір қаржы ұйымдарына «системалық маңызы бар банк» мәртебесін береді. Бірақ бұл тізім жарияланбайды, яғни халық қай банктің “таңдаулы”, ал қайсысының құлау қаупі барын білмейді. 

    — «Бұл ашықтық емес. Егер дағдарыс болса, мемлекет тек таңдаулы банктерді ғана құтқарады. Ал басқа банктердегі халықтың ақшасы не болады? Бұл әділетсіздік қой!» — деді Сарым.

    Оның сөзінше, мұндай құпия тізім елдегі әділ бәсекеге де, халық сеніміне де соққы береді.

    — «Қазақстанда бәрі бәрін біледі. Ерте ме, кеш пе нарық кімнің “ерекше” екенін түсінеді. Сонда халықтың да, бизнес пен депозит иелерінің де ақшасы сол банктерге кетеді. Бұл — әділдік емес», — деді депутат.

    Қаржы реттеушісі болса, мұндай банктерге қосымша талаптар қойылатынын алға тартты. Бірақ басты ерекшелік — дағдарыс кезінде мемлекет тек сол “ерекше” банктерді ғана қолдайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →