Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 31 тамыз 2026 $ 464,4 538,3 5,40
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Төрт рет кейінге қалған жекпе-жек: Қуат Хамитов ресейлік «Атаманмен» кездеседі «Бір адам хабарласып, көмек қолын созбады»: Шарджада екі қызынан айырылған отбасы СІМ жұмысына наразы Халық Ақтөбе әуежайының алдындағы шұрық-тесік жолға наразы Ақтауда бесінші қабаттағы пәтердің дәретханасынан кесіртке шықты Атырауда балкон опырылып түсті: тұрғындар адам мерт болуы мүмкін екенін айтуда Басынан бөтелкемен ұрған: Оралдағы клубта жігіт қызды аяусыз ұрып-соққан Төрт рет кейінге қалған жекпе-жек: Қуат Хамитов ресейлік «Атаманмен» кездеседі «Бір адам хабарласып, көмек қолын созбады»: Шарджада екі қызынан айырылған отбасы СІМ жұмысына наразы Халық Ақтөбе әуежайының алдындағы шұрық-тесік жолға наразы Ақтауда бесінші қабаттағы пәтердің дәретханасынан кесіртке шықты Атырауда балкон опырылып түсті: тұрғындар адам мерт болуы мүмкін екенін айтуда Басынан бөтелкемен ұрған: Оралдағы клубта жігіт қызды аяусыз ұрып-соққан

    Песков Тоқаевтың сөзіне қатысты пікір білдірді

     

    «Бұл шынында де солай, өйткені іс жүзінде бір интеграция шеңберінде неғұрлым жетілдірілген интеграция бар. Ресей мен Беларусь одақтық мемлекеттері  – ЕАЭО-ға қарағанда анағұрлым жетілдірілген интеграция. Әрине, бұл әлемдегі ерекше жағдай және оны ескеру керек», – деді Песков журналистерге.

     

    Еске салайық, кеше Мәскеуде Еуразиялық экономикалық форумда сөйлеген сөзінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  Ресей мен Беларусь одақтық мемлекеттері туралы айтты.

     

    «Біз назарға алуымыз керек концептуалды шындық немесе ерекшелік бар – бұл ЕАЭО-да болуы Беларусь пен Ресейден тұратын одақтың болуы. Бұл одақтың тұжырымдамалық және идеологиялық негізі айтарлықтай салмақты. Бұл қоғам мойындаған өзара мәдени, тілдік, діни бірегейлік. Яғни бір халықтың бар екенін мойындау. Әлемдік саяси тарихта бірыңғай саяси-құқықтық, валюталық, мәдени-гуманитарлық кеңістігі бар «Екі ел – бір мемлекет» формуласы бойынша мемлекет құрудың бірегей үлгісі жасалып отыр. Біртұтас одақтық үкімет, біртұтас одақ парламенті бар. Кешіріңіздер, тіпті ядролық қару да қазір екеуге  – біреу», – деді Тоқаев.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →