Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады

    Маңғыстау суға кетті ме? Әкімдік үндемей отыр, халық “Венецияда” жүзіп жүр

    Маңғыстау суға кетті ме? Әкімдік үндемей отыр, халық “Венецияда” жүзіп жүр

    Фото: Видеодан алынған кадр 

    Маңғыстау облысын нөсер жауын тағы да тұралатып кетті — көшелер суға толып, тұрғындар ашуға мінді. Кей жерлерде су көліктің терезесіне дейін жетіп, жол қозғалысы толық тоқтады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

    Әлеуметтік желілерде жүздеген видео тарап, халық қаланы «Венеция» деп мысқылдап жатыр. Тұрғындар «жыл сайын бір сценарий, билік тек уәде береді» деп наразылық білдіруде. Балалар мектепке бара алмай, кейбір үйлердің ауласына су кіріп кеткен.

    Мамандардың айтуынша, мәселе ескі және тиімсіз су ағызу жүйесінде. Қаражат бөлінсе де, нәтиже көрінбегеніне жұрттың сенімі азайған. Әкімдік өкілдері «жауын-шашын мөлшері рекордтық деңгейде болды» деп ақталды. Бірақ тұрғындар бұл сылтауға сенбей, нақты жауапкершілік талап етуде. Маңғыстаудың «Венецияға айналуы» — енді күлкі емес, жыл сайын қайталанатын ауыр шындыққа айналып барады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →