Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 2 тамыз 2026 $ 473,9 546,3 5,97
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ресейде алтыннан қымбат жаңа минерал ашылды Семейдегі аспалы көпірде полиция көліктерді жаппай тексерді Әнші Мөлдір Әуелбековаға қатысты жол ережесін бұзу дерегі тіркелді Кумамото префектурасында 7,1 балдық жер сілкінісі болды Санияның ісі: қамаудағы қызметкерлердің қорғаушысы мәлімдеме жасады «Әртүрлі жағдайдағы аналар бар»: Жазира Байырбекова перзентхана алдында думандатуға қарсы екенін айтты Ресейде алтыннан қымбат жаңа минерал ашылды Семейдегі аспалы көпірде полиция көліктерді жаппай тексерді Әнші Мөлдір Әуелбековаға қатысты жол ережесін бұзу дерегі тіркелді Кумамото префектурасында 7,1 балдық жер сілкінісі болды Санияның ісі: қамаудағы қызметкерлердің қорғаушысы мәлімдеме жасады «Әртүрлі жағдайдағы аналар бар»: Жазира Байырбекова перзентхана алдында думандатуға қарсы екенін айтты

    Пара алып сотталған Бақытгүл Хаменова тойда жүр

    Пара алып сотталған Бақытгүл Хаменова тойда жүр

    Фото: baq.kz

    Атырауда облыс әкімінің бұрынғы орынбасары, экс-депутат Бақытгүл Хаменованың тойға қатысқан сәті әлеуметтік желіде жарияланды. Бейнежазбада оның шенеуніктер мен полиция қызметкерлерінің қатарында, алдыңғы қатарда тұрғаны анық көрінеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Аталған жағдай қызу талқыланып жатыр.

    Еске сала кетейік, Бақытгүл Хаменова Абай ескерткішін орнату кезінде 4,5 миллион теңге көлемінде пара алғаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Сот шешімімен ол мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылып, мүлкі тәркіленген.

    Атырау облыстық соты бұл жайтқа қатысты үкімнің орындалуына қатысты мән-жайды еске салды.

     

    – Үкімнің орындалуы 3 жыл мерзімге кейінге қалдырылған. Бұл шешім сотталушының асырауындағы екі жас баласының болуына байланысты қабылданды, — деп хабарлады Атырау облыстық соттың баспасөз қызметі.

     

    Еске салсақ, экс-шенеунік Бақытгүл Хаменовамен бірге тергелген басқарма басшысы мен серіктестік директорына қатысты сот үкімі өзгерген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →