Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 22 қазан 2026 $ 450,3↑€ 505,6↓₽ 5,46↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Австралияда адам денесін топыраққа айналдыруға рұқсат беретін заң қабылданды • Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінде әскери реформаны талқылады: мерзімді қызмет екі кезеңге бөлінеді • Тоқаев әскери реформаны мақұлдады: мерзімді қызмет екі кезеңге бөлінеді • Зейнет жасына жетпей-ақ зейнетақы алу мүмкіндігі түсіндірілді • Қазақстанда электромобиль міну тиімді ме: шығыны, қысқы жүріс қоры және кімге қолайлы • Жетісу облысында 15 гектар жерді шарпыған дала өрті сөндірілуде • Австралияда адам денесін топыраққа айналдыруға рұқсат беретін заң қабылданды • Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінде әскери реформаны талқылады: мерзімді қызмет екі кезеңге бөлінеді • Тоқаев әскери реформаны мақұлдады: мерзімді қызмет екі кезеңге бөлінеді • Зейнет жасына жетпей-ақ зейнетақы алу мүмкіндігі түсіндірілді • Қазақстанда электромобиль міну тиімді ме: шығыны, қысқы жүріс қоры және кімге қолайлы • Жетісу облысында 15 гектар жерді шарпыған дала өрті сөндірілуде •

    Тарихи алтын: Шұғыла Әмірбек әлем чемпионы атанды

    Тарихи алтын: Шұғыла Әмірбек әлем чемпионы атанды
    Фото: olympic.kz

    Күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі әлем чемпионаты Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатыр.

    Қазақ спорты тағы бір қуанышты жаңалыққа қол жеткізді. 55 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Шұғыла Әмірбек (Өмірбек) 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

    Шұғыла допды сенімді бастады. 1/8 финалда ол Молдова балуаны Михаэла Самойловадан 10:2 есебімен айқын басым түсті. Тоқтаусыз шабуылдап, техникалық шеберлігін паш еткен қазақстандық балуан қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ.

    Келесі кезеңде, яғни ширек финалда, Румыния спортшысы Александра Волкулескумен күрес оңайға соқпаса да, табандылық пен тактикалық сауаттылықтың арқасында 3:1 есебімен жеңіске жетті.

    Ал жартылай финалда Шұғыла өзінің мықтылығын баршаға дәлелдеді. Германия өкілі Амори Оливия Андричпен өткен белдесуде ол небәрі бір минутта қарсыласын жамбасқа түсіріп, таза жеңіске жетті. Осылайша, финалға сенімді жолмен шыққан балуан қыз ел үмітін ақтады.

    Шешеуші сәт – финалдық белдесу Түркия спортшысы, 2025 жылғы U23 Еуропа чемпионы Туба Демирмен өтті. Тартысты айқаста Шұғыла өз мінезін көрсетті: бірнеше рет ұпай айырмасын қысқартқан түрік балуанына қарамастан, ол соңына дейін басымдықты сақтап, 12:8 есебімен басым түсті.
    Осылайша, Шұғыла Әмірбек әлем чемпионы атағына қол жеткізді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →