Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    11 автокөлікті ұтысқа тіккен Жанабыловтарға қатысты қылмыстық іс қозғалды

    11 автокөлікті ұтысқа тіккен Жанабыловтарға қатысты қылмыстық іс қозғалды

    Фото: Видеодан алынған кадр

    Блогер Жанабыловтар қазір ел аумағында, бірақ оларға қатысты әлі ешқандай бұлтартпау шарасы қолданылмаған, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

    Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов хабарлады.

    Осылайша, Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты қылмыстық іс қозғалып отыр.

    – Ол материалдар бізге түсті. Қазір қылмыстық істі тіркедік. ҚР Қылмыстық кодексінің 214-бабы 1-бөлігі – заңсыз кәсіпкерлік фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Нәтижесін қосымша хабарлаймыз, – деді Елемесов Сенат кулуарында.

    Әлеуметтік желіде бірнеше автокөлік ұтысын жариялаған қазақстандық блогерлер әрекеті Туризм және спорт министрлігінің назарына іліккен болатын. Кейін іс сотқа жетті.

    Ойын бизнесін реттеу комитетінің өкілі Әбдел Балтатегі блогер Жанабылов пен келіншегінің ұтыс ойынын «лохотрон» деп атаған-ды. 

    5 қыркүйекте елордада блогерлерге қатысты алғашқы сот отырысы өткен еді.

    Бұған дейін Жанабыловтарға қатысты әкімшілік іс қылмыстыққа ауыстырылғанын жаздық.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →