Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Шелек жолдарының шаңы басылмай тұр: тұрғындар үш жылдан бері жөндеу көрмеген көшелерге наразы

    Шелек жолдарының шаңы басылмай тұр: тұрғындар үш жылдан бері жөндеу көрмеген көшелерге наразы

    Фото: видеодан скрин

    Алматы облысына қарасты Шелек ауылында жол мәселесі тағы да ушықты. Тұрғындар бірнеше жылдан бері шұрық-тесік көшелермен жүріп, көліктерінің аспасын сындырып, жаяу жүргенде шаң жұтып отырғандарын айтады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Жергілікті халықтың айтуынша, үш жыл бұрын басталған жөндеу жұмыстары жарты жолда тоқтап, содан бері ешқандай өзгеріс жоқ.

    «Бижанова көшесі – ауылдың ең орталық жолы. Ең алдымен осы бағыт жөнделуі керек еді, бірақ басқаларына кірісіп, бұл көше қараусыз қалды», – дейді тұрғындардың бірі.

    Ауылдағы жағдайды бейнелейтін видеолар әлеуметтік желілерде тарап, жүздеген пікір жинаған. Халықтың ашуына жолдың сапасы ғана емес, әкімдіктің үнсіздігі де тиді.

    «Қайыпова көшесі түгел қираған, инженер де, бригадир де көрінбейді. Әкімдік қайда қарап отыр?» – деп жазады жергілікті тұрғындардың бірі.

    Айта кетсек, «АйСуМелиорация» ЖШС су құбырын тартқаннан кейін жолды қалпына келтіруге міндетті болған. Алайда мердігер ұйым дайындалған учаскелерді ашық қалдырып, тек кейбір көшелерде ғана шұңқырларды жамап қойған.

    «Неге дәл сол көшелер жөнделді – оны өзіңіз де түсініп отырған боларсыз», – дейді тұрғындар ирониямен.

    Жол азабын күн сайын мыңдаған жүргізуші көріп жүр. Әкімдік пен мердігер арасындағы «тіссіз келісімнің» кесірінен Шелек шаңы басылмайтын ауылға айналған. Ал халықтың шыдамының шегі бар – енді олар Президент Әкімшілігі мен облыстық әкімдікке шағымдануға дайын екендерін ашық мәлімдеуде.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →