Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 4 тамыз 2026 $ 474,9 546,6 5,91
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Санжар Тәшкенбайға қатысты жағымсыз жаңалық шықты Нұрай Серікбай ісі: бұрынғы тергеуші сотта сөз сөйледі Мұрат Тұрдыбеков «KC Energy Group» ЖШС-нің бас директоры болып тағайындалды «Естігенде жағамды ұстады»: Қарақат Әбілдина ой саларлық жазба жариялады «Қытайдың синтетикасы мен түріктің киімі»: Шенеуніктер халыққа арзан отандық тауарды қайдан таппақ? «Степногорскіде ауызсудың орнына батпақ ағып жатыр»: Тұрғындар әкімдіктің жауапсыздығына ашулы Санжар Тәшкенбайға қатысты жағымсыз жаңалық шықты Нұрай Серікбай ісі: бұрынғы тергеуші сотта сөз сөйледі Мұрат Тұрдыбеков «KC Energy Group» ЖШС-нің бас директоры болып тағайындалды «Естігенде жағамды ұстады»: Қарақат Әбілдина ой саларлық жазба жариялады «Қытайдың синтетикасы мен түріктің киімі»: Шенеуніктер халыққа арзан отандық тауарды қайдан таппақ? «Степногорскіде ауызсудың орнына батпақ ағып жатыр»: Тұрғындар әкімдіктің жауапсыздығына ашулы

    Қазақстан құрамасы көркем жүзуден Азия чемпионатында кезекті алтынға қол жеткізді

    Қазақстан құрамасы көркем жүзуден Азия чемпионатында кезекті алтынға қол жеткізді

    Фото: inbusiness.kz

    11-ші Азия су спорт түрлері чемпионаты – Asian Aquatics Championships 2025 биыл Үндістанда өтіп жатыр.

    Үндістанның Ахмедабад қаласында өткен жарыста Наргиза Болатова, Даяна Джаманчалова, Ксения Макарова, Ясмин Тұяқова, Жаклин Якимова, Айгерім Құрманғалиева, Анна Павлецова және Валерия Столбунова командалық сында үздік шықты – 221.9525 ұпай.

    2-орын Таиланд (210.5775), 3-орын Өзбекстан (200.5183) құрамалары иеленді.

    Сонымен қатар, Қазақстан құрамасы алғашқы күні бес медаль жеңіп алды. Карина Магрупова мен Виктор Друзин техникалық солода алтын, Эдуард Ким күміс, Ясмина Исламова қола иеленді. Еркін бағдарламада да қазақстандықтар алтын медальға қол жеткізді.

    Айта кетейік, жарыстар төрт спорт түрі – жүзу, суға секіру, су добы және көркем жүзу бойынша өтуде.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →