Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды

    18 жастағы Шерхан Қалмырза Еуропаның үздік қақпашыларының қатарына кірді

    18 жастағы Шерхан Қалмырза Еуропаның үздік қақпашыларының қатарына кірді
    Фото: ФК Қайрат

    Ресми аккаунт жариялаған эпизодта Ш.Қалмырзаның мадридтік «Реал» шабуылшысы Килиан Мбаппенің соққысын тоқтатқан сәті бейнеленген, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Үздік сейвтер қатарына Угурджан Чакыр («Галатасарай» – «Ливерпуль»), Роберт Санчес («Челси» – «Бенфика») және Витезслав Ярош («Марсель» – «Аякс») енген. Осы тізімді қазақстандық қақпашы, «Қайрат» футбол клубының ойыншысы Шерхан Қалмырза толықтырған.

    Айта кетейік, Шерхан Қалмырза – клубтың үшінші қақпашысы. Ол негізгі қақпашылар – Александр Заруцкий және Темірлан Анарбеков жарақат алған соң, ойынға шықты.

    Бұған дейін «Спортингке» қарсы ойында 18 жастағы қақпашы 11 метрлік айып добын қайтарып, Чемпиондар лигасы тарихындағы ең жас қақпашы тізіміне кірген еді.

    Тағы бір жаңалық, «Реал Мадрид» қақпашысы Тибо Куртуаның өзі әлеуметтік желі парақшасында Шерхан Қалмұрзаға сәттілік тіледі.

    Ол «Ең бастысы, еңбектене бер! Сәттілік тілеймін!» деп пікір қалдырған. «Реал Мадрид» қақпашысы Тибо Куртуа Шерхан Қалмырзамен бірге түскен суретін де жариялаған. Бұған дейін қос қақпашы ойыннан соң жейдесін алмасқан еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →