Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    «Нағыз қорлық»: Депутат «Қайрат-Реал» ойынын халық шетелдік сайттан көруге мәжбүр болғанын айтты

    «Нағыз қорлық»: Депутат «Қайрат-Реал» ойынын халық шетелдік сайттан көруге мәжбүр болғанын айтты

    Фото: Мәжіліс

    Алматыда өткен «Қайрат» – «Реал Мадрид» ойыны кезінде мыңдаған жанкүйер тікелей эфирді көре алмай қалды. Себеп – интернеттің істен шығуы мен көрсетілім сапасының күрт төмендеуі, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

    Бұл жағдайға Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы қатты наразылық білдіріп, Қазақтелекомды сынға алды.

    «Мұндай жүктеме болатынын бәріміз білдік. Соған дайын болу керек еді. Тарифті көтергенде алдына жан салмайтын Қазақтелеком осындай сәтте халықты жерге қаратты. Жанкүйерлердің жолын кескені жаныма батты. Кеше мыңдаған азаматтар Испания сайттарынан көруге мәжбүр болды. Өз елімізде өткен футбол мерекесін ақша төлеп отырған оператордың көмегімен телеарнадан көре алмау – қорлықтың ең үлкені», – деді депутат.

    Әлеуметтік желіде де ашулы пікір көп. Жанкүйерлердің айтуынша, бұл тек техникалық ақау емес, ұлттық оператордың халық алдындағы жауапсыздығының көрінісі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →