Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 23 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алаяқтар iPhone 18 алдын ала тапсырысын сылтау етіп ақша ұрлаудың жаңа схемасын қолдануда Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Королін құттықтады Астанада 27 жастағы қыздың көлігінен бір келіден астам мефедрон табылды «Жұғысты болсын»: Жігер Ауыпбаевтың жас әйелі жылап қалды Азиада-2026: қазақ спортшысы ушудан алғашқы қола медальді жеңіп алды «Құлағанша күте ме?»: Көкшетаудағы көпірдің жағдайы тұрғындарды алаңдатып отыр Алаяқтар iPhone 18 алдын ала тапсырысын сылтау етіп ақша ұрлаудың жаңа схемасын қолдануда Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Королін құттықтады Астанада 27 жастағы қыздың көлігінен бір келіден астам мефедрон табылды «Жұғысты болсын»: Жігер Ауыпбаевтың жас әйелі жылап қалды Азиада-2026: қазақ спортшысы ушудан алғашқы қола медальді жеңіп алды «Құлағанша күте ме?»: Көкшетаудағы көпірдің жағдайы тұрғындарды алаңдатып отыр

    «Реал» қақпашысы матчтан соң Шерхан Қалмұрзамен жейде алмасып, желідегі парақшасында белгіледі (ВИДЕО)

    «Реал» қақпашысы матчтан соң Шерхан Қалмұрзамен жейде алмасып, желідегі парақшасында белгіледі (ВИДЕО)
    Фото: instagram.com/thibautcourtois

    Мадридтік «Реал» және Бельгия құрамасының қақпашысы Тибо Куртуа Алматыдағы ойыннан кейінгі жазбасында «Қайраттың» 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмұрзаны атап өтті, деп хабарлайды деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Әлемнің үздік қақпашыларының бірі өз Instagram парақшасында матчтан алған әсерімен бөлісті.

    «Үлкен жеңіске сенімді ойын көрсеттік. Әлемдегі ең мықты клубтың капитандық байлауышымен алаңға шығу – ерекше толқыныс», – деп жазды Куртуа.

    Ол Шерхан Қалмұрзамен сөйлесіп тұрған сәтінен сурет жариялап, жазбасында жас қазақстандық спортшыны белгілеп өтті.

    Сондай-ақ, Куртуа матчтан соң Шерхан Қалмырзаға жейдемен ауысу туралы ұсынысты өзі білдірген. Бұл сәтті жанкүйерлер 18 жасар жас қақпашының мықтылығын мойындағаны деп бағалады.

    Айта кетейік, Шерхан Қалмұрза қақпаға соғылған 12 доптың 7-еуін қайтарып, сейв жасады. Бұл ойын жас қақпашы үшін өте нәтижелі болды. Әлемдік БАҚ-тар да таңданыстарын жасыра алмай, жарыса жазуда.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →