Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды

    Алаяқтарға пенсиясын, кредитін беріп, «миллионер боламын» дегендер көбейіп кетті

    Алаяқтарға пенсиясын, кредитін беріп, «миллионер боламын» дегендер көбейіп кетті

    Фото: pkzsk.info

    Елімізде түрлі мотивациялық коучтар мен «миллионер қыламыз» деген тренингтерге сеніп, бар ақшасын беріп жатқан адамдардың қатары артып келеді. Әлеуметтік желіде тараған видеоларда қолын көкке көтеріп, «мен миллионермін» деп айғайлағандардың арасында зейнеткерлер де, жұмыссыз жүрген жастар да бар.

    Алаяқтар көбіне халықтың аңғалдығын пайдаланып, психологиялық әдістерді қолданады. Қарапайым адамдар пенсиясын, тіпті несие алып келген қаржысын санап береді. Кейін алданып қалғанын түсінгенде кеш болады. «Ақшамды қалай қайтарамын?» деп сотқа жүгіргендердің саны аз емес.

    Куәгерлердің айтуынша, мұндай семинарда адамдар жиналып, музыкамен билеп, бір-бірін қолдап шулап жатады. «Сектаға түскендей әсер қалдырады» дейді барғандардың бірі.

    Мамандар мұны халықтың қаржылық сауатсыздығы мен өмірден қолдау таппаған әлсіз тұсын пайдаланған арзан бизнес деп отыр. Психологтар «ондай тренингке көбіне қиын жағдайға тап болған, жалғыздық сезімін бастан кешкен, күйзелістегі адамдар барады» дейді.

    Алаяқтардың басты «жыры» – оңай ақша табу. Ал ақиқаты – миллионер боламын деп, барынан айырылған халық.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →