Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды

    Атыраудағы базарда киік еті сатылып жатыр

    Атыраудағы базарда киік еті сатылып жатыр
    Фото: azh.kz

    Атырау қаласындағы базарда киік еті сатыла бастады, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы АқЖайыққа сілтеме жасап.

    Оралдан келген сатушы Вячеслав қалаға шамамен 2 тонна киік етін жеткізген.

    Оның айтуынша, тұрғындар тарапынан қызығушылық жоғары болғандықтан, әкелген ет түгелдей өтіп кеткен.

    «Кейбірі көп мөлшерде көтермемен алды, енді бірі келілеп сатып әкетті. Біз ресми түрде жұмыс істейміз: өзіміздің аңшылық шаруашылығымыз бар, барлық құжаттар мен куәліктер заңға сай рәсімделген. Әрбір етті ветеринар мамандар тексеріп шығады», – дейді ол.

    Қазір киік етінің көтерме бағасы – 2000 теңге, ал бөлшек саудада келісі 2200 теңге.

    «Киікті атып алмаймыз. Алдымен аумен ұстап, кейін соямыз. Осылайша, ет ұзаққа шыдамды болады», – деп атап өтті Вячеслав.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →