Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 27 тамыз 2026 $ 457,6 534,0 5,47
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Күршімдегі қылмыс: ШҚО-да жігіт әйелін өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсады Әйелдерді қолдау: «Ұмай» бағдарламасына өтінім қабылдау 31 тамызда басталады Атырау облысында көлік аударылып, 3 адам қаза тапты Леңгірде түнгі уақытта тұрғын үйге басып кіріп, иесін бірнеше сағат азаптаған екі адам қолға түсті (ВИДЕО) «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы «Жомарт» кенішіндегі қауіпсіздік жағдайымен танысты Ербол Адаев Президент Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды Күршімдегі қылмыс: ШҚО-да жігіт әйелін өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсады Әйелдерді қолдау: «Ұмай» бағдарламасына өтінім қабылдау 31 тамызда басталады Атырау облысында көлік аударылып, 3 адам қаза тапты Леңгірде түнгі уақытта тұрғын үйге басып кіріп, иесін бірнеше сағат азаптаған екі адам қолға түсті (ВИДЕО) «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы «Жомарт» кенішіндегі қауіпсіздік жағдайымен танысты Ербол Адаев Президент Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды

    «Мың бала» білім сайысында 201 оқушы жеңімпаз атанды

    «Мың бала» білім сайысына отыз мыңға жуық оқушы қатысқан. Олимпиада екі жылға жалғасып, бірінші турға ауылды жерлердегі 5-6 сынып оқушылары қатысқан. Нәтижесінде 1050 оқушы іріктеліп, олардың 201-і жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Qazaq.Today ақпараттық порталы.  Олимпиада екі кезеңнен тұрады.  Бірінші кезеңде,  логикалық және кеңістік ойлауды  қамтиды. Республика бойынша ең жоғары қорытынды баллды бес мың оқушы жинап, олар олимпиаданың екінші кезеңіне өткен.

    «Мың бала» олимпиадасының 2020-2021 жылдағы жеңімпаздарының портфолиосы жинақталды, сонымен қатар 59 дарынды бала ҚР БҒМ бұйрығы негізінде  мамандандырылған білім беру мекемелерінде білім алуда. Олимпиаданың екінші кезеңі облыстық тестілеу орталықтары базасында офлайн өткізіледі. Бұл кезеңде қатысушылар «Математикалық сауаттылық»,  қазақ тілінде оқитын оқушылар үшін «Қазақ тілі», орыс тілінде оқитын оқушылар үшін «Орыс тілі», «Ағылшын тілі», «Жаратылыстану» пәндері бойынша академиялық білімдерін бағалау үшін компьютерлік тестілеуден өтеді», — деді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айжан Маманқызы.

    Тестілеу Олимпиадаға қатысушының таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілінде өткізіледі. І кезеңнің кешенді тестілеуі үшін ең жоғары мүмкін балл 500 баллды құрайды. ІІ кезеңдегі компьютерлік тестілеу үшін мүмкін болатын ең жоғары балл 1000 баллды құрайды.

    «Олимпиаданың ІІ кезеңінің қатысушыларына «Математикалық сауаттылық» бөлімі бойынша ең төменгі шекті балл жинау қажет, бұл мүмкін болатын ең жоғары баллдың 30% — ын құрайды. Олимпиаданың ІІ кезеңінің ең жоғары қорытынды балы бар оқушылар жеңімпаз атанады. Білім бәскесінде балғындардың бәсі жоғары болуы үшін, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен Елбасы Академиясы түрлі зияткерлік додаларды  жүзеге асырады. Соның ішіндегі ірі жобалардың бірі – «Мың бала» Ұлттық олипиадасы», — деді шараны ұйымдастырушылар.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →