Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Трамп Иранға әскери шабуылдың орнына экономикалық қысымды күшейтуге дайын Жұлдыз Әбдікәрімова әйел тағдыры мен ана махаббаты туралы ой бөлісті Қазақстанда 10 тамызда ауа райы құбылмалы болады Қазақстанда апта ішінде ауа райы құбылмалы: оңтүстікте +44°C, солтүстікте жаңбыр Атыраудағы ұстау сәті видеоға түсті: полиция түсініктеме берді Дунай деңгейінің төмендеуі 1944 жылы батқан нацистік кемелерді ашты Трамп Иранға әскери шабуылдың орнына экономикалық қысымды күшейтуге дайын Жұлдыз Әбдікәрімова әйел тағдыры мен ана махаббаты туралы ой бөлісті Қазақстанда 10 тамызда ауа райы құбылмалы болады Қазақстанда апта ішінде ауа райы құбылмалы: оңтүстікте +44°C, солтүстікте жаңбыр Атыраудағы ұстау сәті видеоға түсті: полиция түсініктеме берді Дунай деңгейінің төмендеуі 1944 жылы батқан нацистік кемелерді ашты

    Әкімдік уәдесінде тұрмады: ерекше балаларға орталыққа жету азапқа айналды

    Әкімдік уәдесінде тұрмады: ерекше балаларға орталыққа жету азапқа айналды

    Көкшетауда ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналары күн сайын үлкен қиындыққа тап болып отыр. Себебі Габдуллин көшесі бойындағы жолдың жөндеуі аяқталмай, коррекциялық орталыққа апаратын көлік қозғалысы толық тоқтап қалған.

    Қыркүйекке дейін жөндеу бітуі тиіс еді, алайда қазан басталса да, орталыққа жету мүмкін болмай отыр. Жол қазылып, техника, лай мен белгісіз қоршаулар тұр. Ата-аналар күнде баласын жетектеп, ойдым-ойдым жолмен жаяу жүруге мәжбүр.

    Әсіресе аялдамадан орталыққа дейінгі аралықты өткеру аналар үшін азапқа айналған. «Баламен бірге батпақты кешіп келеміз. Бұл не масқара? Қашанға дейін шыдаймыз?» – дейді тұрғындар.

    Мәселе тек ыңғайсыздықта емес. Бұл – ерекше қолдауды қажет ететін балалардың құқығы аяққа тапталуы. Жергілікті билік уәде берген жөндеу жұмысы уақытында аяқталмай, халықтың ашуын тудырды.

    Қала тұрғындары әкімдіктен орталыққа кедергісіз қатынауды шұғыл қамтамасыз етуді талап етуде.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →