Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Алматыда автокөлік велосипед мінген адамды қағып кетті

    Алматыда автокөлік велосипед мінген адамды қағып кетті

    istockphoto.com
    Алматының Түрксіб ауданында велосипедшіні көлік қағып, қаза тапты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат поралы. 

    Қайғылы жағдай бүгін сағат 14:10 шамасында Гёте көшесінде болған. Алдын ала деректер бойынша, шығыс бағытта келе жатқан Nissan автокөлігінің жүргізушісі 1964 жылы туған ер адам мінген электровелосипедті қағып кеткен.

    «Жол-көлік оқиғасының салдарынан электровелосипед жүргізушісі дене жарақаттарымен қаладағы ауруханалардың біріне жеткізілді. Өкінішке қарай, біраз уақыттан кейін ол көз жұмды», – деп хабарлады полиция.

    Тергеу жүргізілуде. Оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Құқық қорғау органдары апаттың мән-жайын анықтап жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →