Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Трамп Иранға әскери шабуылдың орнына экономикалық қысымды күшейтуге дайын Жұлдыз Әбдікәрімова әйел тағдыры мен ана махаббаты туралы ой бөлісті Қазақстанда 10 тамызда ауа райы құбылмалы болады Қазақстанда апта ішінде ауа райы құбылмалы: оңтүстікте +44°C, солтүстікте жаңбыр Атыраудағы ұстау сәті видеоға түсті: полиция түсініктеме берді Дунай деңгейінің төмендеуі 1944 жылы батқан нацистік кемелерді ашты Трамп Иранға әскери шабуылдың орнына экономикалық қысымды күшейтуге дайын Жұлдыз Әбдікәрімова әйел тағдыры мен ана махаббаты туралы ой бөлісті Қазақстанда 10 тамызда ауа райы құбылмалы болады Қазақстанда апта ішінде ауа райы құбылмалы: оңтүстікте +44°C, солтүстікте жаңбыр Атыраудағы ұстау сәті видеоға түсті: полиция түсініктеме берді Дунай деңгейінің төмендеуі 1944 жылы батқан нацистік кемелерді ашты

    Найзағай, дауыл және үсік: Елімізде қолайсыз метеожағдайлар күтіледі

    Найзағай, дауыл және үсік: Елімізде қолайсыз метеожағдайлар күтіледі
    Фото: Pixabay

    26 қыркүйекте Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы құбылып, қолайсыз метеожағдайлар күтіледі. Еліміздің бірнеше өңірінде екпінді жел, найзағай, тұман және бұршақ болады деп болжанып отыр. Сонымен қатар 10-нан астам облыста өрт қаупі бар.

    Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қ.: 26 қыркүйекте солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қ.: 26 қыркүйекте солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады

    Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтау қ.: 26 қыркүйекте күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.

    Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырау қ.: 26 қыркүйекте түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

    Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

    Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.

    Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Тараз қ.: 26 қыркүйекте таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

    Ақтөбе облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

    Қарағанды облысының шығысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

    Алматы облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

    Қостанай облысының батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Қостанай қ.: 26 қыркүйекте таңертең және күндіз найзағай күтіледі.

    Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде солтүстігінде шығысында екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 26 қыркүйекте түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

    Абай облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.

    Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында 1 градус үсік күтіледі.

    Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Орал қ.: 26 қыркүйекте түнде найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

    Ақмола облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

    Павлодар облысының шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →