Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Атырауда емханаға сүндеттеуге әкелген бала ашық люкке құлап кетті Елена Рыбакина Торонтодағы WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты Жол белгісі қойылмаған: Теміртауда жүргізушілер жаппай куәліктен айырылып жатыр Бүгін ұлт ойшылы, хакім Абай Құнанбайұлының туған күні (ВИДЕО) «Таң қалдым»: Алтынай Жорабаева ұзатудағы ерекше торт туралы айтты (ВИДЕО) Өзбекстандық блогерге Қазақстанда халықаралық іздеу жарияланды Атырауда емханаға сүндеттеуге әкелген бала ашық люкке құлап кетті Елена Рыбакина Торонтодағы WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты Жол белгісі қойылмаған: Теміртауда жүргізушілер жаппай куәліктен айырылып жатыр Бүгін ұлт ойшылы, хакім Абай Құнанбайұлының туған күні (ВИДЕО) «Таң қалдым»: Алтынай Жорабаева ұзатудағы ерекше торт туралы айтты (ВИДЕО) Өзбекстандық блогерге Қазақстанда халықаралық іздеу жарияланды

    Көкшетауда жаңа салынған жағадағы шатыр желге шыдамай тұр: халық әкімдікке ашулы

    Көкшетауда жаңа салынған жағадағы шатыр желге шыдамай тұр: халық әкімдікке ашулы

    Фото: Видеодан скрин

    Көкшетауда жаңадан салынған жағадағы ғимараттың шатыры қатты желге төтеп бере алмай тұр. Желіде тараған кадрдан шатырдың кез келген сәтте жұлынып кетуі мүмкін екені анық байқалады.

    Тұрғындар бұл жағдайға қатты алаңдаулы. «Көктемде қар мен мұз еріген соң, су деңгейі тағы көтеріледі. Сол кезде жағаның жартысы судың астында қалуы мүмкін. Қазірдің өзінде шатыр желге шыдамай тұр. Бұлай жалғаса берсе, құрылыс мүлде қирап түсуі ғажап емес», – дейді жергілікті халық.

    Әлеуметтік желідегі пікірлер де жағдайды айқын көрсетеді. Бірі: «Бұл – табиғи желдету, ертең «солай жоспарланған» деп шығарады» десе, енді бірі: «По-кокшетауски – істеді де, бітірмей тастады» деп мысқылдаған. Басқалары «нанотехнология» деп әжуалап отыр.

    Жаңа нысан халыққа қуаныш емес, қауіп әкеліп тұр. Тұрғындар әкімдік пен жауапты басқармаларды дереу әрекет етуге шақырды. «Қайғылы жағдайды күтіп отырмай, мәселені қазір шешсін!» – деп талап етуде.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →