Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанның арнайы экономикалық аймақтарына 11,1 трлн теңге инвестиция тартылды «Спасибо деду за генетику»: Шавкаттың әйелі қайын атасының қазасынан кейін жазба жариялады Тараз әкімдігі тұрғындарды қоқыс полигонында өмір сүруге мәжбүрлеп отыр ма? Атырауда емханаға сүндеттеуге әкелген бала ашық люкке құлап кетті Елена Рыбакина Торонтодағы WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты Жол белгісі қойылмаған: Теміртауда жүргізушілер жаппай куәліктен айырылып жатыр Қазақстанның арнайы экономикалық аймақтарына 11,1 трлн теңге инвестиция тартылды «Спасибо деду за генетику»: Шавкаттың әйелі қайын атасының қазасынан кейін жазба жариялады Тараз әкімдігі тұрғындарды қоқыс полигонында өмір сүруге мәжбүрлеп отыр ма? Атырауда емханаға сүндеттеуге әкелген бала ашық люкке құлап кетті Елена Рыбакина Торонтодағы WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты Жол белгісі қойылмаған: Теміртауда жүргізушілер жаппай куәліктен айырылып жатыр

    «Дедовщинаға» шағымданғаны үшін 18 жастағы сарбазды жындыханаға жапқан

    «Дедовщинаға» шағымданғаны үшін 18 жастағы сарбазды жындыханаға жапқан

    Фото: Информбюро

    Маңғыстау облысында 18 жастағы сарбаз әскердегі әлімжеттіктен соң психиатриялық орталыққа түсті. Бұл туралы оның анасы Лаура Шынтемирова мәлімдеді.

    Әйелдің айтуынша, баласын Бейнеу ауданындағы №99116 әскери бөлімінде соққыға жығып, қинаған. Кейін командирлер оны жасырын түрде психиатриялық ауруханаға жіберген. «Маған командир хабарласып, «жүрегі мен бүйрегінде проблема бар, дәрігерге апарамыз» деді. Ал шын мәнінде, ұлымды психбольницаға жатқызып қойған. Басқа ата-аналардан естімесем, мүлдем білмей қалар едім», – дейді Шынтемирова.

    Сарбаздың өзі туыстарына бөлімде әскерилерді ауыр жұмысқа жегетінін, тіпті әжетханада қорлайтынын айтып үлгерген. Анасының сөзінше, ұлын жеке үй құрылысына да жұмсап, кірпіш тасытқан. Маңғыстау облыстық психикалық денсаулық орталығының директоры Мади Тоқанов та жағдайды растады. Оның сөзінше, клиникаға суицидке бейімділіктің белгілері бар үш әскери жеткізілген.

    «Олардың қолдарында жарақат іздері болды. Қазір олармен психологтар мен психотерапевттер жұмыс істеп жатыр», – деді ол. Осы оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылып, тексеріс басталды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →