Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,5 541,3 5,74
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Адал болғаны үшін жазаланады»: Қайрат Нұртастың жары әйел тағдыры туралы жазды Шанхайда 1000-ға жуық рейс тоқтады: «Дельфин» тайфуны Қытайды әбігерге салды Месси марқұм әкесін ақтық сапарға шығарып салды Дастан Рыспеков Президент Әкімшілігіне қайта оралды «Жаңа адамдар» дабыл қақты: 12-15 жастағы қыздарды арбаған күдікті ұсталды «Біреуі де батыр болған жоқ»: Мақпал Жүнісова не үшін тұрмыс құрмай жүргенін айтты «Адал болғаны үшін жазаланады»: Қайрат Нұртастың жары әйел тағдыры туралы жазды Шанхайда 1000-ға жуық рейс тоқтады: «Дельфин» тайфуны Қытайды әбігерге салды Месси марқұм әкесін ақтық сапарға шығарып салды Дастан Рыспеков Президент Әкімшілігіне қайта оралды «Жаңа адамдар» дабыл қақты: 12-15 жастағы қыздарды арбаған күдікті ұсталды «Біреуі де батыр болған жоқ»: Мақпал Жүнісова не үшін тұрмыс құрмай жүргенін айтты

    500 теңгеге көліктің бүкіл тарихын ашатын жаңа сервис іске қосылды

    500 теңгеге көліктің бүкіл тарихын ашатын жаңа сервис іске қосылды

    Фото: topvykup.com.ua

    Қазақстанда енді көліктің «құпиясын» ашу оңай. «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы ХҚКО мобильді қосымшасына «Авто тарихы» атты жаңа қызмет қосты. Енді кез келген азамат көліктің VIN-кодын енгізу арқылы мынадай деректерді көре алады: тіркеу тарихы, арест пен кепілдің бар-жоғы, айыппұлдар, кедендік рәсімдеу, утилизациялық алым, техникалық паспорттар.

    Қызмет ақылы: бір тексеру – 500 теңге. Жиі пайдаланатындар үшін топтамалар да бар: 10 тексеру – 4 500 теңге, 20 тексеру – 8 000 теңге.

    Бұл жүйе мемлекеттік дерекқорлар негізінде нақты уақыт режимінде жұмыс істейді. Яғни алаяқтарға алданып қалмау үшін көлік сатып алар алдында «Авто тарихын» ашып көру жеткілікті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →